
Байсынова Ғалия Балтабекқызы
Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары
Өмірбаян
Байсынова Ғалия Балтабекқызы 1987 жылдың 5 қаңтарында Қызылорда облысының Ж. Махамбет ауылында дүниеге келген. 2004-2008 жылдары аралығында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ университетін, 2009-2011 жылдары Болашақ университетін бітірген.
2008 ж. - 2010 ж. Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының штаттан тыс іс-жүргізушісі;
2010 ж. - 2011 ж. Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының компьютер бағдарламасы қызметшісі;
2011 ж. - 2013 ж. Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының штаттан тыс инспекторы;
2013 ж. - 2016 ж. Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мемлекеттік аппарат және құқық қорғау
органдары және мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау бөлімінің бас
маманы;
2016 ж. - 2020 ж. Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мемлекеттік аппарат және құқық қорғау
бөлімінің басшысы;
2020 ж. – 01.06.2022 ж. Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының әлеуметтік қорғауды, денсаулық сақтауды, мәдениетті және бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту бөлімінің басшысы;
01.06.-01.10.2022 ж. Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту және халықаралық қаржы ұйымдарымен жұмысты үйлестіру бөлімінің басшысы;
01.10.2022 ж. – 05.06.2025 ж. Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының әлеуметтік салаларды және бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту бөлімінің басшысы;
05.06.2025 ж. - бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары.

