
Сейілов Жанмұрат Жақсымұратұлы
Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы
Өмірбаян
Сейілов Жанмұрат Жақсымұратұлы 1985 жылы дүниеге келген.
Білімі жоғары, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «тарих, құқық және экономика негіздері», А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының инспекторы ретінде бастаған.
2008-2011 жылдары – Қызылорда облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы.
2011-2013 жылдары – облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы.
2013-2017 жылдары – Қызылорда қаласы әкімінің көмекшісі.
2017-2019 жылдары – қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы.
2019-2020 жылдары – Қызылорда қалалық мәслихаты аппаратының басшысы.
2020-2022 жылдары – Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы.
2022-2023 жылдары – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары.
2023-2024 жылдары – Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2024 жылдың қаңтар айынан бастап Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарды.
2024-2025 жылдары – Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2025 жылдың 1 сәуірінен бастап Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы лауазымын атқаруда.

