Махметов Бегахмет Сабыржанұлы

    Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің орынбасары

    Махметов Бегахмет Сабыржанұлы
    Әкімінің орынбасары

    Махметов Бегахмет Сабыржанұлы

    Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Махметов Бегахмет Сабиржанович 1973 жылғы 6 мамырда Ақмола облысы Бурабай ауданының Көрнекті ауылында дүниеге келген.

    1995 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2003 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1995 жылы Ақмола облысы Щучинск қаласы бойынша салық инспекциясында бастаған. Кейінгі жылдары Ақмола облысының салық органдары жүйесінде түрлі басшылық және әкімшілік қызметтер атқарған. Атап айтқанда, аға салық инспекторы, жетекші маман, ұйымдастыру-құқықтық жұмыс бөлімінің бастығы, Жарқайың ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы және Аршалы ауданы бойынша Салық басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

    2002–2004 жылдары Ақмола облысы әкімі аппаратының экономиканы реформалау және қаржы бөлімінде бас маман болып жұмыс істеген.

    2012–2015 жылдары Бурабай ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында, сондай-ақ Шортанды ауданы бойынша мемлекеттік кірістер органдары жүйесінде басшылық қызметтер атқарған.

    2015–2016 жылдары Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарған.

    2016–2020 жылдары Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қаласының әкімі болып жұмыс істеген.

    2020 жылы «Nur Otan» партиясының Бурабай филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

    2020–2025 жылдары Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

    2025 жылдан бастап Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарады.

    2021 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен наградталған.

    Үйленген, үш баласы бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері