Қуатбеков Қуаныш Өмірзақұлы

    Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің орынбасары

    Қуатбеков Қуаныш Өмірзақұлы
    Заместитель

    Қуатбеков Қуаныш Өмірзақұлы

    Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Қуатбеков Қуаныш Өмiрзақұлы, 1975 жылы туған, бiлiмi жоғары, 1995 жылы Қ.Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервiнiң республикалық училищесiн, 2004 жылы «Фемида» заң институтын құқық магистрi мамандығы бойынша, 2011 жылы Академияны заңгер мамандығы бойынша бiтiрген.

    Еңбек жолын Атбасар қаласының БЖСМ грек-рим күресiнен жаттықтырушы ретiнде бастады.

    Кейін, 1998 - 2008 жылдар аралығында Атбасар аудандық сотында сот приставы болып қызмет атқарды.

    2008-2013 жылдары Атбасар БЖСМ грек-рим күресiнен жаттықтырушы болды.

    2013 жылдың тамыз айынан бастап 2018 жылға дейiн «Атбасар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлiмi» ММ басшысы лауазымын атқарды.

    2018 жылдан 2020 жылдың қыркүйегiне дейiн Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары болды.

    2020 жылғы 16 қыркүйегiнен бастап Атбасар ауданы әкiмiнiң орынбасары лауазымында .

    Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарын және басқа да нормативтiк-құқықтық актiлердi, Жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен аудан әкiмiнiң қаулыларын, шешiмдерiн, өкiмдерiн орындауды ұйымдастырады.

    Атбасар қаласы, ауылдар және ауылдық округтер әкiмдерi, iшкi саясат бөлiмi, бiлiм бөлiмi, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi, дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң, жұмыспен қамту орталығының жұмыстарын үйлестiру және қызметiн бақылауды жүзеге асырады.

    Жетекшiлiк ететiн мәселелер бойынша облыстық, аудандық атқарушы органдар, мемлекеттiк органдар, басқармалар, комитеттер, қоғамдар, инспекциялармен және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының аумақтық басқармаларымен; шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың басшыларымен; Атбасар ауданы бойынша мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен, Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет мемлекеттiк корпорациясы» акционерлiк қоғамының Атбасар аудандық бөлiмшесi; «Атбасар» және «Простор» аудандық газетiнiң редакциясы; саяси партиялар; қоғамдық бiрлестiктер, қозғалыстары және қорлары; жастар ұйымдары; дiни бiрлестiктер және конфессиялар; шығармашылық одақтар; үкiметтiк емес ұйымдар; аудандық ардагерлер кеңесi; радиотелевизиялық станциясы; Атбасар ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi; мүгедектер қоғамы; «Қазпошта» ашық акционерлiк қоғамының аудандық филиалымен өзара iс-қимыл жасайды;

    Мектепке дейiнгi және мектеп, орта кәсiптiк бiлiм беру мекемелерiнiң; көпбейiндi ауданаралық ауруханалардың, дәрiгерлiк амбулаториялардың, медициналық пункттердiң және денсаулық сақтау; Қазақстан халықтарының мемлекеттiк тiлдiң және басқа да тiлдерiнiң қолданылуы, ономастика; әлеуметтiк-мәдени сала мекемелерi қызметінің ; тарихи және мәдени мұраны, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлердi сақтау ; Халықты әлеуметтiк қамтамасыз ету, зейнетақы мен жәрдемақы төлеу; Халықты әлеуметтiк қорғау; кедейлiктi төмендету, мүгедектердi оңалту, халықтың осал топтарына атаулы көмек көрсету; еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасы; ұлттық-мәдени орталықтар мәселелерi; дене шынықтыру және спортты дамыту; жастар саясаты; бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет объектiлерiн отынмен қамтамасыз ету ; ауданда ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» процестерiн дамыту; Атбасар ауданы әкiмдiгiнiң ресми сайты контенттерiнiң жағдайы; қоғамдық демалыс пункттерiнiң жұмыстарына қатысты; мұрағат жұмысы; көшi-қон және демографиялық; отбасы және гендерлiк саясат; әлеуметтiк әрiптестiк; пошта байланысы; түсiндiру жұмысы жөнiндегi iс-шаралар жоспарларын орындау ; құқықтық мәдениет деңгейiн арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту және тәрбиелеу, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламент Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарының және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын дайындау және өткiзу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу мәселелерiмен айналысады.

    Басшылық етедi: Жастар iсi жөнiндегi кеңес; мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы кеңес; үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл және ынтымақтастық жөнiндегi консультативтiк кеңес; дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi кеңес; өкiлдi, атқарушы билiк пен үкiметтiк емес ұйымдардың өзара iс-қимылына.

    Басшылық етедi: ауданның ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету бойынша; отбасы iстерi және гендерлiк саясат бойынша; қорғаншылық және қамқоршылық бойынша; кәмелетке толмағандардың iстерi, олардың құқықтарын қорғау бойынша; тiл саясаты және ономастика бойынша; мемлекеттiк рәмiздер бойынша; Ұлы Отан соғысы кезеңiнде жұмыс iстеген тұлғалардың еңбек өтiлiн белгiлеу бойынша; Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу бойынша; әлеуметтiк әрiптестiк және әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияларға.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері