Жәлиев Бағдат Айғаниұлы

    «ҚР Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның Батыс өңіраралық Басқармасы» РММ басшысы

    Жәлиев Бағдат Айғаниұлы
    Руководитель

    Жәлиев Бағдат Айғаниұлы

    «ҚР Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның Батыс өңіраралық Басқармасы» РММ басшысы

    Өмірбаян

    Жалиев Бағдат Айғаниұлы 1980 жылы 29 тамызда Қызылорда облысында дүниеге келген. 2002 жылы Қорқыт – Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша - тау-кен мұнайшы инженері бітірген.

    Еңбек жолын 2000 жылдан бастап «Ай-Дан Мұнай» ЖШС-де терминалдың мұнай қоймасына мұнай түсіру операторы болып жұмыс істеді, 2003 жылдан бастап «ҚҰТТ» ЖШС-де үшінші разрядты слесарь болып жұмыс істеді, 2006 жылдан бастап «Орда нефтегаз сервис-KZ» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарды.

    03.03.2008 – 12.04.2010 аралығында «Мұнай және газ өнеркәсібі бас диспетчерлік басқармасы» АҚ жедел диспетчерлік бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді», 2008 жылғы сәуірде техникалық стандарттарды әзірлеу бөлімінің жетекші маманы қызметіне ауыстырылды, 2009 жылғы шілдеден бастап техникалық стандарттарды әзірлеу бөлімінің бас маманы қызметіне, 2009 жылғы желтоқсаннан бастап техникалық реттеу бөліміне бас маман ретінде ауысты.

    2010 жылдың 28 шілдесінен 2014 жылдың 10 ақпанына дейін «Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» АҚ Келісімшарт агенттігінің филиалында қазақстандық дамытуды-талдау бөлімінің менеджері болып жұмыс істеді.

    2014 жылдың 19 сәуірінен 2015 жылдың 20 сәуіріне дейін «Өріктау Оперейтинг» ЖШС Орталық инженерлік-техникалық қызметінің диспетчері болып жұмыс істеді.

    2015 жылдың 28 сәуірінен 2016 жылдың 25 қаңтарына дейін «Нарық мониторингі және сараптама орталығы» ЖШС жергілікті қамту мониторингі бөлімінің менеджері, бас менеджері қызметтерін атқарды.

    01.01.2016 жылдан 17.05.2017 жылға дейін «Consulting Centre Kazakhstan» ЖШС жер қойнауын пайдаланушылармен жұмыс жөніндегі бас менеджер қызметін атқарды.

    2017 жылғы 18 мамырдан 2019 жылғы 1 қарашаға дейін «Мұнай-газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ техникалық реттеу бөлімінің менеджері, 2017 жылғы 18 қазаннан бастап техникалық реттеу бөлімінің бас менеджері қызметіне ауыстырылды. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Шикізат газын өңдеуді дамыту бағдарламасын бекіту жөніндегі жұмыс тобының мүшесі. 2018 жылғы 24 қыркүйектен Техникалық реттеу департаменті директорының 1-орынбасары, 2019 жылғы 1 ақпаннан бастап Техникалық реттеу департаментінің директоры.

    01.11.2019 жылдан 04.09.2024 жылга дейін «РЭНГМ» ЖШС бас директоры.

    2024 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның Батыс өңіраралық басқармасының басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері