
Әлімбаев Ғалым Таңсықбайұлы
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның Оңтүстік өңіраралық Басқармасы» РММ басшысы
Өмірбаян
Әлімбаев Ғалым Таңсықбайұлы 1967 жылы 12 қаңтарда Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қызылорда политехникумын техник-гидротехник мамандығы бойынша, Мәскеу гидромелиоративтік институтын инженер-гидротехник мамандығы бойынша, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «мұнай-газ ісі» мамандығы бойыншатәмамдаған. 2003 жылы Қызылорда мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылдың қыркүйек айынан И.Жахаев атындағы Қызылорда политехникалық институтында оқытушы болып бастады, бүгінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университі болып қайта құрылды.
2003-2005 жылдары Қызылорда қаласындағы «Марсель Петролеум» ЖШС-ында гидрогелог.
2005-2013 жылдары Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті жер қойнауын пайдалану бөлімінде басшы.
2014-2015 жылдары Қызылорда қаласындағы «Байқоңыр» ӘКК» ҰК АҚ индустриалды-инновациялық жобалар департаментінің директоры.
2016-2021 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Оңтүстікқазжерқойнауы» ӨД РММ Қызылордаөңірлік геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының басшысы.
2021 жылдың 14 маусымынан «Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасының басшысы.
