
Өмірбаян
МЕНДИГАРА Қанат Сырымбайұлы
1983 жылғы 23 қарашада Ақтөбе облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары.
2004 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша,
2011 жылы осы университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша,
2022 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін
Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолын 2004 жылы «Трансэнерго» АҚ-ның жоспарлы-экономикалық бөлімінің маманы ретінде бастаған.
2008–2009 жылдары Ақтөбе облысының құрылыс басқармасында штаттан тыс қызметкер болды.
2009–2010 жылдары Ақтөбе облысының құрылыс басқармасының ішкі бақылау қызметінің жетекші маманы қызметін атқарды.
2010–2012 жылдары Ақтөбе облысының құрылыс басқармасының жобалау жұмыстары және сметалық нормалар бөлімінде, сондай-ақ тұрғын үй мониторингі және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді.
2012–2019 жылдары Ақтөбе облысының құрылыс басқармасының жоспарлы-экономикалық бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.
2019–2021 жылдары Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары қызметінде болды.
2024 жылдың сәуір–шілде айлары аралығында аудан әкімі аппаратының бас маманы (заңгер) болып еңбек етті,
2024 жылғы 25 шілдеден бастап бүгінгі күнге дейін аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.



