Күнтазин Есет Маратұлы

    Аудан әкімі аппаратының басшысы

    Күнтазин Есет Маратұлы
    Руководитель аппарата

    Күнтазин Есет Маратұлы

    Аудан әкімі аппаратының басшысы

    Өмірбаян

    1993 жылы Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары. Алматы қаласындағы Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасында жастар тәжірибесінен бастаған.

    2018 -2019 жылдары Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасының персоналды басқару қызметінің бас маманы.

    2019-2022 жылдары аралығында Ақтөбе облысы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің бас маманы, бас инспекторы лауазымдарын атқарған.

    2022 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және мониторингілеу бөлімінің бас маманы лауазымын атқарып келді.

    2024 жылдан бастап Әйтеке би ауданы әкімінің өкіміне сәйкес, аудан әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері