Тоғызбаев Дәулетияр Қанатұлы

    Ауданының әкімі

    Тоғызбаев Дәулетияр Қанатұлы
    Аким

    Тоғызбаев Дәулетияр Қанатұлы

    Ауданының әкімі

    Өмірбаян

    1989 жылғы 1 тамызда Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Шалқар қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.

    2010 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Үйленген, үш баланың әкесі.

    2012–2015 жылдары Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының кадр және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы, Персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің бас маманы, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының бас маманы қызметтерін атқарған.

    2015–2019 жылдары Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы, Қобда ауданы әкімі аппаратының басшысы, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және талдау бөлімінің басшысы лауазымдарында еңбек еткен.

    2019–2023 жылдары Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

    2023 жылғы 20 шілдеден бастап Әйтеке би ауданының әкімі қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері