
Жақсыбаева Әлия Нәсіпқалиқызы
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Жақсыбаева Әлия Нәсіпқалиқызы 1965 жылы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Пятимар ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1985 жылы бойынша Орал педагогикалық колледжін «мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы және 1990 жылы Гурьев педагогикалық институтын «мектепке дейінгі педагогика және психология» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1985-1986 жылдары Фурманов ауылшаруашылық техника балабақшасында тәрбиеші қызметінен бастаған;
1986-1993 жылдары Фурманов орта мектебінің тәлімгері, бастауыш сынып мұғалімі;
1993-2010 жылдары Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры;
2010-2012 жылдары Казталов ауданының білім беру бөлімінің басшысы, бас маманы;
2012-2019 жылдары Казталов орта жалпы білім беретін мектебінің директоры;
2019 жылдың қазан айынан бастап осы күнге дейін Жалпақтал ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді.

