
Гайсина Назерке Айдарқызы
Казталов ауданы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Гайсина Назерке Айдарқызы 1996 жылдың 26 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Нұрсай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2019 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін ветеринарлық санитария және 2022 жылы Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер универитетін құқықтану мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2016 жылдан 2018 жылға дейін Батыс Қазақстан облысы «Казталов аудандық ветеринарлық станция» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны Бостандық ауылдық округі бойынша маманы қызметінен бастаған.
2019-2020 жылдары Казталов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау, жалпы бөлімдерінің бас маманы;
2020-2021 жылдары Казталов ауданы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы;
2021-2024 жылдары Казталов ауданы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарып келді.
2024 жылдың 28 қазаннан бастап Казталов ауданы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.