
Сүндетова Жадыра Болатовна
Казталов ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1985 жылы 25 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов ауылында дүниеге келген.
Жанұялы, отбасында жұбайы, екі қызы және бір ұлы бар.
1991- 2002 жж. А.Оразбаева атындағы орта мектебінде білім алып, 2003-2008жж. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы Казталов ауданының туберкулез ауруханасында кадр қызметшісі болып бастаған.
2010-2013 жж. Казталов аудандық қаржы бөлімінің бас маманы;
2013-2021 жж. Казталов аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары;
2021 жылдың 30 шілдесінде Казталов аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

