Хозе-Диасова Малике Талғатқызы

    Атырау облысы цифрландыру және архивтер басқармасының жобалық басқару қызметін үйлестіру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімі

    Руководитель отдела

    Хозе-Диасова Малике Талғатқызы

    Атырау облысы цифрландыру және архивтер басқармасының жобалық басқару қызметін үйлестіру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімі

    Өмірбаян

    Жобалық қызметті қамтамасыз етеді.Бағдарламалардың, ұлттық жобалардың, жалпыұлттық басымдықтардың тиісті портфельдерін іске асыруға бағытталған жобалардың барлық мүдделі қатысушыларының күш-жігерін шоғырландыру үшін облыстағы мемлекеттік органдар жобаларының барлық іске асыру топтарының өзара іс-қимылын мониторингтеуді, үйлестіруді, әдіснамалық сүйемелдейді.Жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде интерактивті онлайн-дашборд негізінде облыстың даму жоспарында көзделген ұлттық түйінді индикаторларға қол жеткізу бойынша басқармалар мен аудандардың салыстырмалы рейтингін жүргізеді.Жобалар топтары жетекшілерінің, жобалар жетекшілерінің жобалау қызметінің нәтижелеріне рейтингтік бағалау жүргізуді жүзеге асырады, оның қорытындысы бойынша бағдарламаның басқарушы комитетіне үздік/нашар нәтижелер көрсеткен жобалар топтарының жетекшілерін, жобалар жетекшілерін көтермелеу/жазалау жөнінде ұсыныстар енгізеді.Базалық бағыттардың шеңберінде бағдарламамен қол жеткізілуі көзделген мақсаттарды, ұлттық түйінді индикаторларды орындауда басқарушылық шешімдерді уақытылы қабылдайды.Жобалық кеңсеге жолданған қызметкерлерге жобалық рольдерді бекіту, олардың құзыреттілік деңгейіне талаптарды белгілеу, сонымен қатар қажеттілікке қарай мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына себептерін көрсете отырып, қызметкерлерді ауыстыруға ұсыныс береді. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына жобалық кеңсеге жолданған қызметкерлерді көтермелеу немесе жазаға тарту бойынша ұсыныстар енгізеді. Облыс әкіміне жарты жылдықта кемінде бір рет жобалық кеңсенің атқарған жұмыстары туралы ақпарат береді.Ұлттық жобалардың, жалпыұлттық басымдылықтардың шеңберінде жобалардың іске асырылу барысы туралы өзекті және сенімді ақпарат ұсына отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Үкіметімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесімен, Ұлттық жобалық кеңсемен, қоғаммен, БАҚ-пен, республикалық және облыстық өкілді органдармен, жерлілікті өзін-өзін басқару органдарымен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты қамтамасыз етеді.

    Ақпараттық қауіпсіздік техникалық құжаттамасы талаптарының орындалуын және ақпараттық қауіпсіздіктің құжатпен рәсімделуін бақылайды. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігіндегі активтердің басқарылуын бақылайды. Бағдарламалық қамтылымды заңды пайдаланылуын бақылайды. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы тәуекелдерді басқаруды бақылау және оқиғаларының тіркелуін бақылайды. Ішкі ақпараттық қауіпсіздік аудитін жүргізеді. Сыртқы ақпараттық қауіпсіздік аудитін ұйымдастыруды бақылайды. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланатын бизнес-процестердің үздіксіздігін қамтамасыз етуді бақылайды. Персоналды басқару кезінде ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылайды. Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісінің ақпараттық қауіпсіздігі жай-күйін бақылауды жүзеге асырады. Басқарманың барлық мәліметтер базасындағы кестелерді, атрибуттарды және байланыстарды сипаттау бойынша жұмыстарды үйлестіреді. Басқарманың деректерінде сұратылған деректердің болуы, тарихи тереңдігі және дереккөзі немесе олардың болмауы туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсете отырып ұсыну бойынша сұрау салуларға белгіленген тәртіппен жауап береді. Басқарманың тарапынан Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы №394/НҚ бұйрығымен бекітілген Функцияларды іске асыру мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беру жөніндегі қағидалары талаптарының орындалысын үйлестіреді. Ақпараттық технологияларды қолдану мәселелері бойынша Басқарманың қызметін ұйымдастырады, техникалық және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етеді. Ақпараттық технологиялар саласында мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асырады. Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша ведомстволық актілерді (ережелер, нұсқаулықтар, регламенттер және т.б.) әзірлейді және бекіту бойынша жұмыс жүргізеді. Ақпараттандыру саласында техникалық реггламенттерді әзірлеуге қатысады. Басқарманың ақпараттандыру саласына сәйкес бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру жоспарын, стратегиялық жоспарын және бюджеттік өтінімін қалыптастыруға қатысады. Ақпараттандыру саласындағы бағдарламаларды іске асыру шеңберінде жаңа технологиялар, бағдарламалық өнімдер мен деректер қорын енгізу бөлігінде басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік органдардың ашықтығы жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау үшін материалдар ұсынады. Ақпараттандыру саласындағы қарым-қатынасты реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарайды. Цифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдай жасайды. Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелердің функцияларын автоматтандыру жұмыстарын үйлестіруге міндетті. Орындауына келіп түскен өтініштердің мерзімінде және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді және орындауындағы өтініштің тіркеу карточкасына деректерді енгізу сапасына жауапты болады. тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері