Избасова Тураргул Абзаловна
Атырау облысы цифрландыру және архивтер басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы
Өмірбаян
«Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша қажетті ақпарат ұсыну жұмысын үйлестіреді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізу жұмысын үйлестіреді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар жұмысын үйлестіреді. Жергілікті атқарушы органдар құзіретіне кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізу жұмысын ұйымдастырады. Бөлім құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жиналыстар, семинар-кеңестер ұйымдастырады. Облыс әкімінің орынбасары және басқарма басшысы, басқарма басшысының орынбасары, бөлім басшысымен берілген тапсырмаларды, кіріс құжаттарды сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастырады. Бөлім құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсетеді. Жергілікті атқарушы органның кұзіретіне кіретін мемклекеттік қызмет бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін, Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және /немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлейді. Электронды үкімет вебпорталы және Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорацияся арқылы жергілікті атқарушы органның құзіретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді ауыстыру бойынша ұсыныстарды әзірлейді. Қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Орындауына келіп түскен өтініштердің мерзімінде және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді және орындауындағы өтініштің тіркеу карточкасына деректерді енгізу сапасына жауапты болады
