Құмарғалиева Самал Бағытжанқызы
Атырау облысы цифрландыру және архивтер басқармасының архивтер жұмысын қамтамасыз ету бөлімінің басшысыбасшысы
Өмірбаян
Облыс аумағында архив ісі және құжаттама саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады. Басқарманың архив ісі саласындағы жоспарын және есептілігін, ағымдағы жұмыстарын ұйымдастырады және үйлестіреді. Архив ісі және іс қағаздарын жүргізу жағдайын талдап және олардың дамуына ұсыныс дайындайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарының ведомстволық сақтауды ұйымдастыру және іс қағаздарын жүргізу бойынша салааралық ұйымдастыру-әдістемелік мәселелерін қамтамасыз етеді. Облыстың мемлекеттік архив мекемелерін қалыптастыру және толықтыруда Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры дереккөздерінің құрамын анықтайды. Құжаттардың тұрақты, уақытша сақталуына және аса құнды құжаттарды анықтауды, жоюды іріктеуде сараптау-тексеру комиссиясының (СТК) жанындағы сараптау тобының мүшесі ретінде, осы бағыттағы жұмыстарды жүргізеді. Облыстың мемлекеттік ұйымдарында ведомстволық құжаттардың сақталуын қадағалау, құжаттама мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық етеді. Облыс аймағында мемлекеттік іс жүргізу жүйесін енгізу және ведомстволық архив жұмыстарын жақсарту үшін шаралар ұйымдастырады. Қорларды есепке алу, олардың құрамы және мазмұны туралы мәліметтер бойынша сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады. Облыс аумағында архив ісі және құжаттама бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобаларын жасақтауға және әзірлеуге қатысады. Мемлекеттік, ведомстволық, жеке архивтердің архив ісі жөніндегі заңдарды сақтауына мемлекеттік тексеру жүргізеді. Орындауына келіп түскен өтініштердің мерзімінде және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді және орындауындағы өтініштің тіркеу карточкасына деректерді енгізу сапасына жауапты болады.
