
Асылхан Дамир Сабитұлы
Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары
Өмірбаян
Асылхан Дамир Сабитұлы 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданында дүниеге келген. Білімі-жоғары. «Синергия» Мәскеу қаржы-өнеркәсіп университеті және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін бітірген.
Алғашқы еңбек жолын Шымкент қаласы Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Жастар практикасынан бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметті қамтамасыз ету бөлімінде қызметтер атқарған.
2024 жылдың 6 желтоқсанынан бастап Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқаруда.
