Тулебаев Копжан Кенжеханұлы

    Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының м.а.

    Тулебаев Копжан Кенжеханұлы
    Заместитель руководителя управления

    Тулебаев Копжан Кенжеханұлы

    Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының м.а.

    Өмірбаян

    Тулебаев Копжан Кенжеханұлы 1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданында дүниеге келген. Білімі - жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде оқыған.

    Алғашқы еңбек жолын ҚР Ішкі істер министрлігі Алматы гарнизоны бойынша Әскери тергеу бөлімінде тергеушіліктен бастаған. Кейіннен Шымкент гарнизоны бойынша Әскери тергеу бөлімінде тергеуші, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының азаматтық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау
    бөлімінің прокуроры, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы прокурорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы прокурордың көмекшісі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас маманы, Түркістан облысы әкімі аппаратының бас маманы, ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаменті Мемлекеттік сот орындаушыларының қызметін бақылау және ұйымдастыру басқармасының сарапшысы, Түркістан облысының дін істері басқармасы әкімшілік-құқықтық жұмыс бөлімінің бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
    2021 жылдың желтоқсан айынан бастап Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының жекешелендіружәне несиелік тұрғын үй бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарған.

    Қазіргі таңда Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері