
Байбусунов Дүйсембай Ахметұлы
Абай облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары
Өмірбаян
Арнайы атағы - полиция полковнигі
Ол Қарағанды мемлекеттік медицина институтын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Дүйсембай Ахметұлы құқық қорғау органдарында 1996 жылдан бастап жұмыс істейді.
Еңбек жолын жедел уәкіл қызметінен бастаған. Қызмет жылдары әр түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген, оның ішінде Бұқар Жырау ауданы ІІБ Тельман полиция бөлімінің бастығы, Октябрь ауданы ІІБ Киров полиция бөлімінің бастығы, Қарағанды облысы ІІД Шахтинск қаласы ІІБ бастығы қызметін атқарған, Қарағанды облысы ПД Теміртау қ. ПБ бастығы.
Абай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары қызметін атқарды.
2025 жылдың қаңтарында Абай облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды.





