Данияров Эльдар Нұрланұлы

    Абай облысы Полиция департаментінің бастығы

    Данияров Эльдар Нұрланұлы
    Бастық

    Данияров Эльдар Нұрланұлы

    Абай облысы Полиция департаментінің бастығы

    Өмірбаян

    Арнайы атағы - полиция полковнигі

    2007 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Ішкі істер органдарында 2009 жылдан бастап қызмет етеді. Еңбек жолын ҚР ІІМ училищесінің тыңдаушысы болып бастаған. 2009-2019 жылдар аралығында Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция бөліністерінде орта және аға басқарушы құрамның түрлі лауазымдарында қызмет атқарды.

    2019-2022 жылдары тылдық қамтамасыз ету қызметінде басшылық лауазымдарда болды, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Тылдық қамтамасыз ету басқармасын басқарды.

    2022-2024 жылдары Астана қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары, 2024-2025 жылдары елордалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

    2025 жылы Абай облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері