
Әбдіғалиев Қайрат Бақытұлы
Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары
Өмірбаян
Арнайы атағы — полиция полковнигі.
2006 жылы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2022 жылы ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының №2 факультетін тәмамдаған.
Ішкі істер органдарында 2007 жылдан бастап қызмет етеді.
Қарағанды облысы ПД және ІІМ орталық аппаратында орта және аға басқарушы құрамның түрлі лауазымдарында қызмет атқарды.
2021 жылғы мамыр — 2022 жылғы қазан: Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы.
2022 жылғы қараша — 2026 жылғы сәуір: Абай облысы Полиция департаменті Семей қаласы Полиция басқармасының бастығы.
2026 жылғы сәуірде Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.
