Ильмуханбетова Шолпан Лазаревна

    Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты

    Ильмуханбетова Шолпан Лазаревна
    Депутат маслихата

    Ильмуханбетова Шолпан Лазаревна

    Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    1974 жылы Қостанай облысы Қостанай қаласында дүниеге келген.

    1991 жылы Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы №15 орта мектепті бітірген.

    1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Алматы қ.) экономист мамандығы бойынша бітірген.

    1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінен (Алматы қ.) екінші жоғары білім ала отырып, заңгер мамандығы бойынша бітірген.

    2015 жылы Алматы Менеджмент университетін (Алматы қаласы) бітіріп, іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алған.

    Мансабы

    1995 – 2005 жылдары: 1-санатты маман, болжау бөлімінің жетекші маманы; бас маман, бюджет бөлімінің бастығы, алыс-беріс бөлімінің бастығы, денсаулық сақтау, экономикалық талдау және кредиттеу бөлімінің бастығы, Маңғыстау облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары.

    2005-2013 жылдары: Маңғыстау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары, бастығы.

    2013-2018 жылдары: Маңғыстау облысы әкімі аппараты облыс әкімінің орынбасары.

    2018-2021 жылдары: «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.

    2021 жылдың қараша айынан бастап «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Қаржы департаментінің директоры.

    Сондай-ақ мынадай лауазымдарда:

    - «Атыраумұнайгаз» АҚ бас директорының;

    - «Oil Construction Company» ЖШС байқау кеңесінің төрағасының;

    - Маңғыстау облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы төрағасының қызметін атқарады.

    Марапаттары мен мадақтаулары:

    түрлі грамоталармен, алғысхаттармен, ҚР мемлекеттік органдарының мерей тойлық медальдарымен марапатталған;

    2009 жылы - облыс әкімінің Құрмет грамотасымен;

    2001, 2012 жылдары - ҚР Президентінің алғыс хатымен;

    2010 жылы - ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен;

    2016 жылы – «Құрмет» орденімен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері