
Беляева Ирина Валерьяновна
Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Беляева Ирина Валерьяновна 1973 жылы Баку қаласында (Әзірбайжан) дүниеге келген. 1995 жылы Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы «Ақтау мемлекеттік университетін» бітірген. Мамандығы бойынша - педагог психолог. Тұрмыста, екі баласы бар.
Еңбек жолын 1990 жылы қалалық нарықтағы шағын сауда дүкенінен бастады.
1997 жылы 12 адамнан тұратын "PRESTIGE" жиһаз компаниясын құрды.
Бүгінгі таңда "PRESTIGE" компаниясы Ақтау қаласында, Жаңаөзен қаласында орналасқан, жалпы сауда алаңы 12 000 шаршы метрден асатын 3 бөлшек сауда салоны бар, қызметкерлер саны 250 адамнан тұратын ірі компания болып табылады.
Беляева Ирина:
- Облыс әкімінің Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық істер жөніндегі орынбасары;
- Қазақстан Республикасының Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының Кеңес мүшесі;
- Қазақстан Республикасының Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының Маңғыстау филиалының төрағасы;
- Ақтау қаласы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы;
- Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
Мемлекеттік наградалары:
- «Бірлік» медалі, 2022 жыл;
- «Құрмет» ордені, 2021 жыл.
Басқа ынталандырулар:
- Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының «Еңбегі жанған арулар» медалі, 2022 жыл;
- «Қазақстан патриоты» медалі, 2018 жыл;
- «Ақтау 55 жыл» мерейтойлық медалі, 2018 жыл;
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі, 2016 жыл.
Беляева Ирина өңірден «Ел ардақтары - Маңғыстау кәсіпкерлері» жобасы бойынша энциклопедияға енгізілді (Ел мақтанышы - Маңғыстау кәсіпкерлері)





