Сүйіншәлиев Берік Асқарұлы

    Астана қаласы "Сарайшық" ауданының прокуроры

    Сүйіншәлиев Берік Асқарұлы
    Прокурор

    Сүйіншәлиев Берік Асқарұлы

    Астана қаласы "Сарайшық" ауданының прокуроры

    Өмірбаян

    Сүйіншәлиев Берік Асқарұлы 1984 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

    2006 жылы Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Саратов заң институтын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

    2006 жылы Батыс Қазақстан облысының прокуратура органдарына қызметке түсіп, Орал қаласы прокурорының көмекшісі қызметіне тағайындалды.

    Батыс Қазақстан облысының прокуратура Басқармасының прокуроры, аға прокуроры, Орал қ. прокуратурасының бөлім бастығы, Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы прокурорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау Қызметінің Басқарма аға прокуроры, Нұр-Сұлтан қ. прокурорының аға көмекшісі, Астана қ. прокуратурасының Басқарма бастығы лауазымдарын атқарды.

    2024 жылдың қарашасынан - Астана қаласы "Сарайшық" ауданының прокуроры.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері