
Еркін Берік Ермаханұлы
Заместитель прокурора Абайского района
Өмірбаян
Еркін Берік Ермаханұлы 1995 жылғы 30 шілдеде Шымкент қаласында дүниеге келген.
Білімі – жоғары. 2017 жылы Астана қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Прокуратура органдарындағы қызметін 2019 жылы бастаған. 2019–2021 жылдары Түркістан облысы Арыс ауданы прокуратурасының прокуроры қызметін атқарған. 2021 жылғы желтоқсан айынан бастап Шымкент қаласы Абай ауданы прокуратурасының прокуроры болып қызмет етті. 2023 жылғы қаңтар айынан бастап аудан прокуратурасының аға прокуроры қызметін атқарды. 2024 жылғы 9 тамыздан 2025 жылғы 22 қаңтарға дейін Шымкент қаласы Абай ауданы прокуратурасының Мемлекеттік айыпты қолдау бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
2025 жылғы 23 қаңтардан 2025 жылғы 27 мамырға дейін Шымкент қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры қызметін атқарды.
2025 жылғы 28 мамырдан 2026 жылғы 10 наурызға дейін Шымкент қаласы прокуратурасы аппаратының қала прокурорының көмекшісі қызметін атқарды.
2026 жылғы 11 наурыздан 2026 жылғы 29 шілдеге дейін Шымкент қаласы Абай ауданы прокуратурасының Мемлекеттік айыпты қолдау бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
2026 жылғы 30 шілдеде Шымкент қаласы Абай ауданы прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі - 7 жыл 4 ай.
Сыныптық шені - 1-сыныпты заңгер.





