
Молдағожин Жанболат Базарқанұлы
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік органдар бюджеті департаментінің директоры
Өмірбаян
1993 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін бітірген, сондай-ақ Қазақ гуманитарлық-заң университетінің МВА магистрі (іскерлік әкімшілендіру).
2014 - 2016 жж. - ҚР Президенті Іс басқармасының "Инженерлік-техникалық орталығы" АҚ екінші санатты маманы;
2017 - 2019 жж. - ҚР Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің сарапшысы;
2019 - 2020 жж. - ҚР Қаржы министрлігі Өнеркәсіп, көлік және коммуникация бюджеті департаментінің бас сарапшысы;
2020 - 2021 жж. - ҚР Қаржы министрлігі Өнеркәсіп, көлік және коммуникация бюджеті департаменті басқармасының басшысы;
2021 - 2024 жж. - ҚР Қаржы министрлігі Құқық қорғау, арнайы органдар және қорғаныс бюджеті департаменті басқармасының басшысы;
2024 - 2025 жж. - ҚР Қаржы министрлігі Құқық қорғау, арнайы органдар және қорғаныс бюджеті департаменті директорының орынбасары;
2025 - 2026 жж. - ҚР Қаржы министрлігі Республикалық бюджетті талдау департаменті директорының орынбасары;
2026 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік органдар бюджеті департаментінің директоры.





