Қалжанов Ұлан Серікұлы

    Бөлім басшысы

    Қалжанов Ұлан Серікұлы
    Руководитель отдела

    Қалжанов Ұлан Серікұлы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Ұлан Серікұлы 1984 жылы туылған, білімі жоғары, 2006 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын Алматы облысы Әділет департаментінің Қапшағай қалалық әділет басқармасының жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу бөлімінің инспекторы болып бастаған.

    Әр жылдары Алматы облысы Әділет департаментінің Қапшағай қалалық әділет басқармасының жетекші маманы, Алматы қаласы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің тергеушісі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің тәртіптік кеңес қызметін қамтамасыз ету бөлімінің консультант-инспекторы, мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

    2016 - 2024 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы лауазымында қызмет етті.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері