
Пернеш Серікхан Қуатұлы
Аудан әкімінің орынбасары
Өмірбаян
1992 жылы туылған, білімі жоғары, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2014 жыл «менеджмент» мамандығы, М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті 2016 жылы «құқықтану» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2014 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының экономикалық талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманынан бастаған.
2016-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және селолық тұтыну кооперациясын дамыту бөлімінің басшысы;
2018 – 2022 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы инвестиция және инновация бөлімінің басшысы;
2022 – 2023 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары;
2023 – 2024 жылдары Жамбыл облыстық мәслихаты аппаратының басшысы;
05.06.2024 - 27.09.2024 жылдары Облыс әкімінің кеңесшісі болып қызмет атқарған.
2024 жылдың 11 қазанынан бастап бүгінгі күнге дейін Шу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.
Үйленген, 3 бала тәрбиелеуде.



