
Жәнібеков Бақытжан Оразалыұлы
Шу ауданының әкімі
Өмірбаян
Туған күні: 14.08.1981 жыл
Ұлты: Қазақ
Туған жері: Жамбыл облысы, Тараз қаласы
Отбасылық жағдайы: Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп, өсіруде
Шет тілдерін білуі: орысша
Білімі, мамандығы: 2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Автомобиль және автомобиль шаруашылығы», 2005 жылы «Әулие-ата» университетінің «Юристік қызмет», 2020 жылы Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль- жол институтының «көлік құрылысы» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2005 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жолаушылар көлігі бөлімінің жетекші маманы болып бастаған;
2006-2010 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдарын салу, жөндеу және пайдалану бөлімінің бас маманы;
2010-2011 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы;
2011-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;
2017-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары;
2018-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы;
2021-2023 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы;
2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі қызметін атқарып келеді.



