
Сұлтанбаев Найман Кенжеханұлы
Аудан әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Білімі жоғары.
Сұлтанбаев Найман Кенжеханұлы 1976 жылы 22 наурызда Жамбыл облысы Шу ауданы Көктөбе ауылында дүниеге келген.
1998 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Ветеринария дәрігері», 2016 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2010 жылы ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің, Шу аудандық аумақтық инспекциясында «ПМК-45» жетекші маман міндетін атқарушы болып бастаған.
2010-2011 жылдары ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің, Шу аудандық аумақтық инспекциясында «ПМК-45» жетекші маман;
2012 жылы ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің, Шу аудандық аумақтық инспекциясының ветеринария бақылау және қадағалау бөлімінде жетекші маман;
2012 жылы ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің, Шу аудандық аумақтық инспекциясының ветеринария бақылау және қадағалау бөлімінде бас маман;
2012-2013 жылдары Жаңақоғам ауылдық округінің әкімі;
2013 жылы Жаңақоғам ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы;
2013-2017 жылдары Жаңақоғам ауылдық округінің әкімі;
2017-2019 жылдары Балуан Шолақ ауылдық округінің әкімі;
2019-2020 жылдары «Нұр Отан» партиясы Шу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;
2020 жылдың 17 тамызынан 10 желтоқсанына дейін Дулат ауылдық округінің әкімі міндетін атқарушы.
2020-2023 жылдары Дулат ауылдық округінің әкімі.
2023 жылғы 6 қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін Шу ауданы әкімінің орынбасары.
Үйленген, 3 бала тәрбиелеуде.



