Жылқайдаров Айдар Бекбердіұлы

    Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысы

    Жылқайдаров Айдар Бекбердіұлы
    Руководитель аппарата

    Жылқайдаров Айдар Бекбердіұлы

    Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысы

    Өмірбаян

    Жылқайдаров Айдар Бекбердіұлы

    1991 жылы 9 қарашада дүниеге келген.

    Білімі:

    2011 жылы Д.А. Қонаев атындағы университетінің колледжін «қаржы» мамандығы бойынша, 2015 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «қаржы» мамандығы бойынша, 2021 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «өңірлік даму» бағдарламасы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2016 жылы Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы болып бастаған.

    2017-2018 жж. – Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында түрлі қызметтер атқарды.

    2018-2022 жж. – Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппараты қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы.

    2022 ж. – Алматы қаласы Экономика басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы.

    2022-2023 жж. – Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы.

    2023-2025 жж. – Алматы қаласы әкімі аппараты қаржы-шаруашылық бөлімінің бас инспекторы, инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы.

    2025 жылдың сәуір айынан бастап Алматы қаласы әкімі аппаратының инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

    2025 жылдың 1 қазанынан бастап – Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің Аппарат басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері