Сабырұлы Жанасыл

    Жетісу ауданы әкімінің орынбасары

    Сабырұлы Жанасыл
    Заместитель

    Сабырұлы Жанасыл

    Жетісу ауданы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    1989 жылғы 25 шілдеде Талдықорған қаласында дүниеге келген

    Білімі:


    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған: бакалавр (2011 ж.), магистратура (2013 ж.).

    2016 жылы Қарағанды экономикалық университетін (Қазпотребсоюз) «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

    Мансап:

    Еңбек жолын 2013 жылы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-да (Астана қ.) мониторинг басқармасының бас маманы қызметінен бастаған.

    2018 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаментінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы бақылау басқармасында сарапшының міндетін атқарушы, сарапшы және бас сарапшы қызметтерін атқарған (Астана қ.).

    2021 жылы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Топтық су құбырларын дамыту басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарған (Нұр-Сұлтан қ.).

    2022 жылы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары, сондай-ақ Жетісу облысы бойынша бас мемлекеттік экологиялық инспекторы болып тағайындалған (Талдықорған қ.).

    2024 жылы — Степногорск қаласы әкімінің орынбасары.

    2025 жылы — «Алматы қаласы шаруашылық басқармасы» ЖШС директорының орынбасары (Алматы қ.).

    2026 жылдан бастап — Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері