
Сәдібеков Құрасбек Ұласбекұлы
Жетісу ауданының әкімі
Өмірбаян
Сәдібеков Құрасбек Ұласбекұлы
1989 жылғы 28 желтоқсанда Астана қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2017 жылы Ұлыбританияның Манчестер университетін «Халықаралық даму: саясат, басқару және даму стратегиясы» мамандығы бойынша бітірген.
2011-2013 жылдары — Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппаратының бас маманы;
2013-2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитетінің сарапшысы, бас сарапшысы;
2014-2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және даму департаментінің бас сарапшысы;
2017-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі;
2019-2022 жылдары — Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің (Ташкент қаласы) үшінші хатшысы;
2022 жылғы қазаннан 2025 жылғы қаңтарға дейін — Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары;
2025 жылғы қаңтардан мамырға дейін — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің инспекторы;
2025 жылғы мамырдан Жетісу ауданының әкімі болып тағайындалғанға дейін — Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары;
2026 жылғы 11 қыркүйектен бастап — Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі.



