
Аханов Қуаныш Сейдеханұлы
Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының бас инспекторы
Өмірбаян
2010 жылы Ресей кеден академиясын, 2016 жылы "Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін, 2020 жылы Квинсленд университетін (Аустралия) бітірген.
22.10.2010-29.06.2012 жж. - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментіндегі қызмет, Шымкент қаласы;
03.07.2012-20.03.2013 жж.-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті су көлігіндегі бақылау басқармасының сарапшысы, Астана қаласы;
20.03.2013-20.05.2013 жж.- Алматы қаласы Әділет департаментінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің жетекші маманы, Алматы қаласы;
20.05.2013-18.07.2013 жж. - Алматы қаласы Әділет департаментінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің бас маманы, Алматы қаласы;
19.07.2013-29.07.2013 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуді бақылау және техникалық түгендеу басқармасының сарапшысы, Астана қаласы;
29.07.2013-17.10.2014 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің заң қызметтерін көрсету және лицензиялау басқармасының сарапшысы, Астана қаласы;
17.10.2014-14.11.2014 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті заң қызметтерін көрсету және лицензиялау басқармасының сарапшысы, Астана қаласы;
14.11.2014-11.03.2019 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаменті ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы;
11.03.2019-23.07.2020 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаменті ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы;
24.07.2020-31.03.2021 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары департаментінің апелляциялық кеңесінің, тауар таңбасын жалпыға белгілі деп тану жөніндегі комиссияның, аттестаттау және апелляциялық комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы, Нұр-сұлтан қаласы;
01.04.2021-08.11.2021 жж. - "Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы " мемлекеттік мекемесі, аз қамтылған отбасыларға мониторинг жүргізу бөлімінің басшысы, Шымкент қаласы;
15.12.2022-29.03.2023 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаменті өнеркәсіптік заңнама басқармасының бас сарапшысының М. А., Астана қаласы;
30.03.2023-24.07.2023 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаменті өнеркәсіптік заңнама басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы;
11.09.2024-13.02.2025 жж. - "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы м.а., Шымкент қаласы;
14.02.2025-н/уақыт бойынша "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы, Шымкент қаласы.





