Тауасаров Ринат Аденбекұлы

    Зайсан қаласының әкімі

    Тауасаров Ринат Аденбекұлы
    Аким

    Тауасаров Ринат Аденбекұлы

    Зайсан қаласының әкімі

    Өмірбаян

    Тауасаров Ринат Аденбекұлы 1982 жылдың 1 мамырында Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласында дүниеге келген. 1988–1999 жылдар аралығында М. Әуезов атындағы орта мектепті тәмамдаған. 2000–2002 жылдары Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық Олимпиада резервінің спорт колледжінде «Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша білім алған.

    2004–2008 жылдары Семей қаласындағы Педагогикалық институтты тәмамдады.

    17.09.2002 – 30.05.2006 жылдары Зайсан қаласындағы мектеп-интернатта дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

    01.06.2006 – 03.11.2008 жылдар аралығында Зайсан ауданының дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты бас маман қызметін атқарды.

    11.11.2008 – 08.09.2009 жылдары Зайсан аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет етті.

    09.09.2009 – 04.08.2017 жылдары Кеңсай орта мектебінің директоры қызметін атқарды.

    04.08.2017 – 07.11.2017 жылдары Кеңсай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болды.

    08.11.2017 – 08.01.2021 жылдары Кеңсай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.

    08.01.2021 – 21.04.2023 жылдары Зайсан ауданы әкімінің орынбасары қызметінде жұмыс істеді.

    21.04.2023 – 28.07.2024 жылдары Зайсан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болды.

    29.07.2024 – 29.04.2025 жылдары Зайсан ауданы әкімінің аппаратының басшысы қызметін атқарды.

    2025 жылғы 30 сәуірден бастап Зайсан ауданы Зайсан қаласының әкімі болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері