Каламов Әділ Мұратбекұлы

    ШҚО Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылдық округ әкімі

    Каламов Әділ Мұратбекұлы
    Аким

    Каламов Әділ Мұратбекұлы

    ШҚО Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылдық округ әкімі

    Өмірбаян

    Каламов Әділ Мұратбекұлы 1991 жылы 10 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары: 2013 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде «Қаржы/экономика және бизнес» мамандығы бойынша аяқтады.

    Еңбек жолын 2013 жылы Айнабұлақ ауылдық округ әкімі аппаратының уақытша бас маманы болып бастады. 2014 жылдың 14 қаңтарынан - 2014 жылдың 03 ақпанына дейін Айнабұлақ ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы; 2014 жылдың 03 ақпанынан – 2014 жылдың 26 қарашасына дейін Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы; 2014 жылдың 26 қарашасынан – 2020 жылдың маусымына дейін Зайсан ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы қызметін атқарды, 2020 жылдың 3 маусымынан 2021 жылдың 28 шілдесіне дейін аудан мәслихаты аппаратының бас маманы.

    2021 жылдың 28 шілдесінен бастап Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі қызметіне сайланды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері