
Темиргалиев Нариман Алибекович
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
Темиргалиев Нариман Алибекович 1993 жылы 16 қазан күні Батыс Қазақстан облысы,Теректі ауданы, Лесопитомник ауылында дүние келген.
2014 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығы бойынша,
2017 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті құқықтану мамандығы бойынша білім алған
ЕҢБЕК ЖОЛЫ | ||
Күні |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері | |
қабылданған |
босатылған | |
13.08.2014 |
23.09.2014 |
Практикант,Зеленов аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім, БҚО Зеленов ауданы Переметный ауылы |
23.09.2014 |
24.11.2014 |
Бас маман м.а, Зеленов аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, БҚО Зеленов ауданы Переметный ауылы |
24.11.2014 |
16.10.2017 |
Бас маман, Зеленов аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, БҚО Зеленов ауданы Переметный ауылы |
19.03.2019 |
09.07.2019 |
Бәйтерек ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының м.а., БҚО Бәйтерек ауданы Переметный ауылы |
10.07.2019 |
08.04.2020 |
Бәйтерек ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, БҚО Бәйтерек ауданы Переметный ауылы |
09.04.2020 |
22.11.2020 |
Бәйтерек ауданы мемлекеттік сатып алулар бөлімінің басшысы, БҚО,Бәйтерек ауданы,Переметный ауылы |
24.11.2020 |
13.05.2021 |
"Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудитордың ассистенті, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 201 |
14.05.2021 |
01.02.2024 |
"Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі жоспарлау,талдау және есеп бөлімінің бөлім басшысы, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 201 |
02.02.2024 |
29.09.2024 |
"Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі талдау, сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 201 |
01.10.2024 |
по н/время |
Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары |
Басқарма басшысының 2024 жылғы 3 қаңтар №1 бұйрығымен бекітілген «Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарының лауазымдық нұсқаулығы
- Жалпы ережелер
- Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) басшысы орынбасарының бағыныстылығын, міндеттерін, құқығын, жауапкершілігін анықтау үшін әзірленді.
- Басқарма басшысының орынбасары (бұдан әрі – Басшының орынбасары) өзқызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасының осы санаттағы мемлекеттік лауазымды тиісті мамандандыруға қатысты саладағы қарым-қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін және осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
- Басшының орынбасары басқарма басшысының бұйрығымен қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
- Басшының орынбасары Басқарма басшысына бағынады және бұйрықтар, жұмыс тапсырмаларын алады.
- Басшының орынбасары қажет болғанда басқарма басшысының міндетін атқарады.
- Негізгі қызметкер уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар) осы лауазымды атқарушының лауазымдық міндеттерін атқару жөніндегі мәселелерБасқарма Басшысының анықтауы бойыншабасшының екінші орынбасары немесе басшының орынбасары жетекшілік ететін бөлім басшыларынажүктеледі.
- Басшының орынбасарына жолаушылар көлігі бөлімінің бөлім басшысы мен бас мамандары бағынады.
- Басшының орынбасарының құқықтары
- Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға.
- Өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге.
- Белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға.
- Лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға.
- Басқарманың жұмысын ұйымдастыру және басқару, Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болу.
- Басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге.
- Жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына.
- Өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне.
- Тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта және бiлiктiлiгiн арттыруға.
- Өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге.
- Бiлiктiлiгi мен қабілетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға.
- Қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге.
- Еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына.
- Әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға.
- Мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға.
- Зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға.
- Жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге.
- Бөлімдердің жұмысын жетілдіру туралы ұсыныстар енгізуге;
- Өз құзіреті шегінде құжаттарға бұрыштама соғуға.
- Басқарма қызметкерлерін марапаттауға және тәртіптік жаза салуға ұсыныстар енгізуге.
- Бағыныштыларына қатысты өкім жүргізуге және оның атқарылуын бақылауға құқылы.
- Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру бойынша.
- Рұқсат құжаттарын беру бойынша.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында және Басқарма туралы ережеде қарастырылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
- Басшының орынбасарының міндеттері
- Басқарманың алдына қойылған міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша Басқарма жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және басшылық жасау.
- Басқарманың төмендегідей функцияларды орындау бойынша кешенді жұмыстарын ұйымдастыру және басшылық жасау:
1) облыс бойынша автомобиль, темір жол және әуе тасымалдарын ұйымдастырумен байланысты кешенді жұмыстарды үйлестіру және бақылау;
2) жолаушылар мен багаждытұрақтыоблысаралық, қалааралық, ауданаралық(облысішілікқалааралық) тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурс өткізумен байланысты кешенді жұмыстарын үйлестіру;
3) әлеуметтікмаңызы бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырумен байланысты жұмыстарды үйлестіру және бақылау;
4)жолаушылар тасымалысаласында қызмет көрсету үшін уақытында тасымалдаушылар мен шарт жасау шараларын алады және олардың орындалуын бақылау;
5) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық автомобильмен тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн келісу;
6) автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;
7) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу;
8) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлеу;
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыру;
10) халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
11) шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру, кеме жүргізушілерді даярлау бағдарламасын келісу және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;
12) қызмет өңірі шегінде механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу кестесін келісу;
13) мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын бақылау;
14) ақпараттандыру (соның ішінде, интернет-ресурс) және ақпараттық қауіпсіздік жұмыстарын бақылау;
15) бюджет қаржысының оңтайлы және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстарды ұйымдастыру;
16) жолаушылар көлігі, әкімшілік-құқықтық бөлімдерінің жұмыстарын бақылауды және үйлестіруді жүзеге асыру;
17) Басқармада іс жүргізудің мемлекеттік тілде жүргізілуін қадағалау;
18)Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды жүргізу.
- Гендерлік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізу.
- ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтау.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлық стандарттарын сақтау.
- Еңбек тәртібін сақтау.
- Әкімшілік рәсімдерді сақтау.
- Басшының орынбасарының жауапкершілігі
Басқарма басшысының орынбасары мыналар үшін дербес жауап береді:
1) қойылған міндеттер мен өзіне жүктелген өкілеттіктерді орындау және ұйымдастыру;
2) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп кодексі нормаларын сақтау;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді сақтау;
4) уақтылы, сапалы және тиісті дәрежеде орындамағаны және/немесе әртүрлі заңдық жауапкершілікке әкеліп соғатын бұзушылықтар.


