
Тукжанов Бекжан Нурланович
Руководитель отдела эксплуатаций и ремонта автомобильных дорог
Өмірбаян
Тукжанов Бекжан Нурланұлы 1974 жылғы 1 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дүниеге келген.
1993 жыл - Орал құрылыс техникумы
2000 жыл - Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
2014 жыл - Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Күні |
Лауазымы, жұмыс орны, | |
қабылданған |
босатылған | |
13.09.1993 |
30.11.1993 |
Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық жол басқармасының жол жұмысшысы, Переметный ауылы |
07.01.1994 |
09.08.1994 |
Батыс Қазақстан облысы Орал ауыл шаруашылығы техникумының кочегары, Орал қаласы |
15.08.1994 |
12.02.1995 |
Батыс Қазақстан облысы Орал ауыл шаруашылығы техникумының котельный операторы, Орал қаласы |
12.02.1995 |
27.05.1996 |
Батыс Қазақстан облысы Орал ауыл шаруашылығы техникумының аға қазандық операторы, Орал қаласы |
27.05.1996 |
01.11.1998 |
Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтының аға қазандық операторы, Орал қаласы |
02.11.1998 |
01.09.2000 |
Батыс Қазақстан облысы "Сервис ВУЗ″ ЖШС-нің аға қазандық операторы, Орал қаласы |
01.09.2000 |
18.06.2001 |
Батыс Қазақстан облысы ″Универсервис″ ЖШС-нің аға қазандық операторы, Орал қаласы |
14.07.2001 |
30.04.2002 |
Атырау облысы "ПСД" ЖШС-де монтаждаушы, Атырау қаласы |
07.05.2002 |
21.09.2002 |
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің көп салалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнында 4 разряды бар жұмысшысы, Орал қаласы |
21.09.2002 |
21.11.2003 |
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің көп салалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнында жұмысшылар бригадасының бригадирі, Орал қаласы |
21.11.2003 |
28.07.2004 |
Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің көп салалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнының мастері, Орал қаласы |
28.07.2004 |
16.08.2006 |
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің көп салалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнында пайдалану учаскесінің инженері, Орал қаласы |
21.08.2006 |
16.11.2006 |
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі экономиканың нақты секторын дамыту бөлімі бас маманының міндетін атқарушы, Орал қаласы |
16.11.2006 |
26.02.2007 |
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі экономиканың нақты секторын дамыту бөлімінің бас маманы, Орал қаласы |
26.02.2007 |
11.10.2010 |
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі абаттандыру бөлімінің бас маманы, Орал қаласы |
13.01.2011 |
26.03.2011 |
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің көп салалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнында пайдалану бөлімінің бастығы, Орал қаласы |
28.04.2011 |
10.06.2011 |
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының құрылыс бөлімі өндірістік-техникалық секторы бас маманының міндетін атқарушы, Орал қаласы |
10.06.2011 |
22.08.2013 |
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының құрылыс бөлімі өндірістік-техникалық секторының бас маманы, Орал қаласы |
22.08.2013 |
28.10.2013 |
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліімі басшысы орынбасарының міндетін атқарушы, Орал қаласы |
28.10.2013 |
04.01.2017 |
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары, Орал қаласы |
04.01.2017 |
23.04.2018 |
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары, Орал қаласы |
24.04.2018 |
28.08.2018 |
Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Орал қаласы |
29.08.2018 |
24.05.2020 |
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің орынбасары, Орал қаласы |
09.06.2020 |
24.05.2021 |
Батыс Қазақстан облысы «ДСК Приоритет» ЖШС директорының орынбасары, Орал қаласы |
01.06.2021 |
01.02.2022 |
Батыс Қазақстан облысы «Smart Qala Oral» ЖШС директоры, Орал қаласы |
27.04.2022 |
08.09.2022 |
Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысының міндетін атқарушы, Тасқала ауылы |
09.09.2022 |
05.10.2022 |
Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы, Тасқала ауылы |
20.10.2022 |
25.03.2024 |
Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы, Тасқала ауылы |
26.03.2024 |
қазіргі уақытта |
Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автомобиль жолдарын пайдалану және жөндеу бөлімінің бөлім басшысы, Орал қаласы |
«Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі автомобиль жолдарын пайдалану және жөндеу бөлімі басшысының лауазымдық нұсқаулығы«Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі автомобиль жолдарын пайдалану және жөндеу бөлімі басшысының лауазымдық нұсқаулығыавтомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі автомобиль жолдарын пайдалану және жөндеу бөлімі басшысының лауазымдық нұсқаулығы«Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі автомобиль жолдарын пайдалану және жөндеу бөлімі басшысының лауазымдық нұсқаулығы«Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі автомобиль жолдарын пайдалану және жөндеу бөлімі басшысының лауазымдық нұсқаулығыавтомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі автомобиль жолдарын пайдалану және жөндеу бөлімі басшысының лауазымдық нұсқаулығыавтомобиль жолдарын пайдалану және жөндеу бөлімі басшысының лауазымдық нұсқаулығы
1.Жалпы ережелер
1.Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) автомобиль жолдарын жөндеу, салу және қайта жаңғырту бөлімі басшысының бағыныстылығын, міндеттерін, құқығын, жауапкершілігін анықтау үшін әзірленді.
2.Басқарманың автомобиль жолдарын пайдалану және жөндеубөлімінің басшысы(одан әрі - Бөлім басшысы) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасының осы санаттағы мемлекеттік лауазымды тиісті мамандандыруға қатысты саладағы қарым-қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін және осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
3.Бөлім басшысы басқарма басшысының бұйрығымен қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
4.Бөлім басшысы басқарма басшысына, оның орынбасарларына бағынады және олардан бұйрық, жұмыс тапсырмаларын алады.
5.Бөлім басшысы қажет болғанда басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарады.
6.Бөлім басшысы уақытша жұмыста болмағанда, оның міндетін өзі жетекшілік ететін бөлімнің бас маманы атқара алады.
7.Бөлім басшысына автомобиль жолдарын пайдалану және жөндеу бөлімінің бас мамандары бағынады.
- Бөлімі басшысының құқығы
1.Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға.
2.Өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге.
3.Белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға.
4.Лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға.
5.Басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге.
6.Жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына.
7.Өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;
8.Тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға.
9.Өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге.
10.Бiлiктiлiгi мен қабілетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға.
11.Қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге.
12.Еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына.
13.Әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға.
14.Мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға.
15.Зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға.
16.Жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқылы.
17.Бөлімнің жұмысын тиімді ұйымдастыруға.
18.Бөлімдегі әрбір маманның жұмысын жоспарлауға.
19.Бөлімнің қызметкерлерін марапаттау және оларға тәртіптік жаза қолдану жөнінде ұсыныстар енгізуге.
20.Бағыныштыларына қатысты өкім жүргізуге және оның атқарылуын бақылауға құқылы.
- Бөлім басшысының міндеттері
- Бөлімнің ережесіне, ережесіне, қолданыстағы нұсқаулыққа және нормативтік актіге сәйкес Бөлім басшысына бекітілген функционалдық міндеттерді ұйымдастыруды және орындауды қамтамасыз ету.
- Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ олардағы жасанды құрылыстарды салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, оларды қабылдаумен байланысты кешенді жұмыстарды жүзеге асыру.
- Қолданыстағы заңнаманы және облыс әкімінің жол-құрылыс мәселелері жөніндегі шешімдерін іске асыруды қамтамасыз ету, жол құрылысы мен жөндеудің жай-күйі туралы Басшылық үшін талдамалық есептерді, ақпараттық, презентациялық және өзге де материалдарды дайындау.
- Мердігерлердің шарттық міндеттемелерді тиісінше орындауын, мердігерлердің орындалған жұмыстардың актілерін, атқарушылық құжаттаманы белгіленген мерзімде тапсыруын, сондай-ақ бекітілген нысандар бойынша жұмыстарды жүргізу кестесінің сақталуын бақылау.
- Материалдардың сапасына жедел тексерулер жүргізу және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау бойынша орындалған жұмыстардың көлемі мен сапасын бақылау. Мердігерлер орындаған жұмыстардың көлемі мен сапасын объектілерге барып қабылдау, орындалған жұмыстарды қабылдау актісіне ай сайын бұрыштама қою (№2 нысан) "Тапсырыс беруші" ретінде, белгіленген мерзімдерде төлеу үшін бухгалтерияға тапсыру.
- Облыстық маңызы бар қызмет көрсетілетін автомобиль жолдарында қауіпсіз және үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету, жолдарды инженерлік жайластыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау.
- Қауіпсіз жол қозғалысын арттыру және жолдар мен жол құрылыстарын жайластыру бойынша ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын әзірлеуге қатысу.
- Жол жағдайларына тұрақты бақылауды жүзеге асыру, статистикалық деректерді жинақтау қызмет көрсетілетін жолдар желісінің (қарлы, көктайғақ және су тасқыны қауіпті учаскелер, тар жерлер және т.б.) заңдылықтары мен жұмыс істеуін анықтау. Автожолдарда авариялық-қауіпті" тар " орындардың болуын есепке алуды жүргізу, оларды жою жөніндегі жұмыстарды жоспарлау үшін ұсыныстар енгізу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
- Жолдардың құрылымдық элементтерінің анықталған ақауларының далалық ведомостарын ресімдей отырып, жолдарды комиссиялық көктемгі және күзгі қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу. Олардың нәтижелері бойынша құжаттар топтамасын ресімдеу.
- Автомобиль жолдары мен жасанды құрылыстарды диагностикалау мен аспаптық тексеруді бақылауды жүзеге асыру.
- Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын мұзды және тасқын суларды өткізуге дайындау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу.
- Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғаларын есепке алуды жүзеге асыру және қызмет көрсетілетін жолдар желісіндегі жол қозғалысының қарқындылығы мен құрамын есепке алу.
- Объектілерге паспорттар және жұмыстарды жүргізу құқығына ордерлер (рұқсаттар) беру. Қызмет көрсетілетін жолдар бойынша ауыр салмақты және габаритті емес көлік құралдарының өтуін келісуді жүзеге асыру.
- БҚО ЖКО ЖКО және БҚО ТЖ Департаменті қызметтерімен жол жүрісін ұйымдастыру және қауіпсіздік мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
- Басқарманың қызметіне жұмыстың озық технологиялары мен жаңа жол материалдарын зерделеу және енгізу.
- Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау.
- Өз қызметі бойынша белгіленген тәртіппен есептілік пен жедел ақпарат беру, есептіліктің белгіленген нысандары бойынша автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау бойынша орындалған жұмыстарға талдау жүргізу.
- Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштеріне жауап дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру, бөлімге келіп түскен құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылау.
- Бөлім мамандарының орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын бақылау.
- Басқарма басшысының, оның тиісті орынбасарының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауға шаралар қабылдау.
- Бөлім жұмысы бойынша облыс әкімінің қаулыларының, шешімдерінің, талдамалық анықтаманың, талдаудың жобаларын дайындауды бақылау.
- Бөлімде бекітілген істер номенклатурасына сәйкес іс қағаздарын жүргізу, бөлімде іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілде бақылау.
23.Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлық стандарттарын сақтау.
24.Еңбек тәртібін сақтау.
25.Әкімшілік рәсімдерді сақтау.
26.ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтау.
- Бөлім басшысының жауапкершілігі
Автомобиль жолдарын пайдалану және жөндеубөлімінің басшысы мыналар үшін дербес жауап береді:
1.қойылған міндеттер мен өзіне жүктелген өкілеттіктерді орындау және ұйымдастыру;
2.мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп кодексі нормаларын сақтау;
3.Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болуымен байланысты шектеулерді сақтау.
4.уақтылы, сапалы және тиісті дәрежеде орындамағаны және/немесе әртүрлі заңдық жауапкершілікке әкеліп соғатын бұзушылықтар.

