
Бейсенова Сархат Сағынтайқызы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері
Өмірбаян
Туған жылы: 1972 жылғы 29 қыркүйек
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары: 1996 ж. Қарағанды мемлекеттік медицина институты, медициналық-профилактикалық іс, 2015 ж. Тұран-Астана университеті, заңтану.
Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:
«Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медаль (2008 ж.);
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісі (2017 ж.);
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі (2017 ж.);
«Халық алғысы» медалі (2020 ж.);
«Шапағат» медалі (2021 ж.).
Еңбек өтілі:
1998 жылдан бастап 1999 жылға дейін Ақмола қаласы,Облыстық ішкі істер мекемесінің дәрігер - эпидемиологы;
1999 жылдан бастап 2002 жылға дейінАстана қаласының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, дәрігер эпидемиологы, эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі;
2002 жылдан бастап 2007 жылға дейінАстана қаласының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті эпидемиологиялық бөлімі бастығы;
2007 жылдан бастап 2011 жылға дейінАстана қаласының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары – мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті директорының орынбасары;
2011 жылдан бастап 2014 жылға дейінҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің директоры;
2014 жылдан бастап 2015 жылға дейінҚазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агентігінің Астана қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы;
2015 жылдан бастап 2017 жылға дейінҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысының орынбасары;
2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары;
2019 жылдан бастап 2020 жылға дейінҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары.
2020 жылыҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары;
2020 жылдан бастап 2024 жыл аралығындаҚазақстан Республиқасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы.
2024 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.


