
Төрағаның орынбасары
Сәдуақасов Нұрқан Олжабайұлы
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары
Өмірбаян
Туған жылы: 1971 жылғы 27 қаңтар
Отбасы жағдайы: үйленген
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары: 1991-1997 ж. Қарағанды мемлекеттік медицина институты, медициналық-профилактикалық іс, дәрігер-гигиенист, эпидемиолог.
Ғылыми атағы, дәрежесі, қызметі: медицина ғылымдарының кандидаты
Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:
- Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен);
- ЕАЭО құруға қосқан үлесі үшін медалі (2015 ж.);
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алғыс хаттары – (2010, 2014, 2015 ж.);
- ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған мерейтойлық медаль (2015 ж.);
- ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерейтойлық медаль (2016 ж.);
- «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалі (2018 ж.).
Еңбек өтілі:
- 1997 жылдан 1999 жылға дейін Атбасар қаласы, Атбасар аудандық СЭС санитариялық бөлімінің меңгерушісі;
- 1999 жылдан 2000 жылға дейін Атбасар қаласы, Атбасар аудандық СЭС бас дәрігері;
- 2000 жылдан 2001 жылға дейін Көкшетау қаласы, Ақмола облыстық СЭС бас дәрігерінің орынбасары;
- 2001 жылдан 2009 жылға дейін Астана қаласы, Ақмола аумақтық көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары;
- 2009 жылғы сәуірден қазанға дейін Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы;
- 2009 жылдан 2014 жылға дейін Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары;
- 2014 жылғы наурыздан қазанға дейін Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің техникалық регламенттердің сақталуын бақылау департаментінің директоры;
- 2014 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Техникалық регламенттер мен санитариялық шаралар талаптарының сақталуын бақылау басқармасының басшысы;
- 2016 жылдан бастап 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары;
- 2017 жылғы 6 сәуірден бастап 2018 жылғы 23 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы.
- 2018 жылдан 2019 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары;
- 2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары.
- 2020 жылдан 2022 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары.
- 2022 жылғы сәуірден бастап 2024 жылғы 15 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы.
- 2024 жылғы 16 тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары.


