Рақымжанова Марал Тілеулесқызы

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық комитеті төрағасының орынбасары

    Рақымжанова Марал Тілеулесқызы
    Төрағаның орынбасары

    Рақымжанова Марал Тілеулесқызы

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық комитеті төрағасының орынбасары

    Өмірбаян

    Рахимжанова Марал Тілеулесқызы, 1967 жылы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Целиноград облысы, Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылында дүниеге келген.

    Білімі жоғары медициналық, Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1986-1992), Медициналық-профилактикалық іс факультетін "Гигиена, санитария, эпидемиология"мамандығы бойынша бітірген.

    Жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін

    «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен (2009 жыл),

    «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» 3-ші дәрежелі медалімен (2015 жыл),

    «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен (2015 жыл),

    «Халық алғысы» медалімен (2020 жыл),

    «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл»,

    «Қазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен (2015, 2020 жылдар),

    «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Адал еңбегі үшін» III дәрежелі медалімен (2021 жыл),

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының алғыс хатымен (2021 жыл) марапатталды.

    1984-1986 жылдары Целиноград облысының Қорғалжын аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында, Қарағанды қаласының № 4 қалалық балалар ауруханасында және № 3 қалалық ауруханасында санитар болып бастады.

    1986-1992 жылдары Қарағанды мемлекеттік медициналық институтында «Гигиена, санитария, эпидемиология» мамандығы бойынша оқыды.

    1992-2002 жылдары Целиноград облысының Қорғалжын аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, бас дәрігері лауазымдарында жұмыс істеді.

    2002-2003 жылдары Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында балалар және жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің меңгерушісі, сондай-ақ санитарлық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

    2003-2005 жылдары Ақмола облысы Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы, Ақмола облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының құқықтық, кадр жұмысы және нормалау бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

    2005-2014 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің санитариялық-гигиеналық бақылау және санитариялық-эпидемиологиялық нормалау бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, санитариялық-гигиеналық қадағалау басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы лауазымдарында жұмыс атқарды.

    2014 жылы Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау департаментінің Бірыңғай экономикалық және Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде өзара іс-қимылды ұйымдастыру басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

    2014-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің санитариялық-гигиеналық қадағалау басқармасының бас сарапшысы, басшысы болып жұмыс істеді.

    2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті санитариялық-гигиеналық қадағалау басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

    2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің инфекциялық емес аурулардың профилактикасы және объектілерді бақылау басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

    2020-2022 жылғдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау комитетінің тамақтану, білім беру және тәрбиелеу объектілерін санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

    2022 жылдың маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері