
Елекеев Ғалымжан Иракұлы
ҚР ҚМ Ақмола мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы
Өмірбаян
Елекеев Ғалымжан Иракұлы – 03.12.1978 жылы Маңғыстау облысының Ақтау қаласында дүниеге келді. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін ««құқықтану» мамандығы бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын ҚР Мемлекеттік кірістер жүйесінде бастап, кейін ұзақ жылдар бойы Қаржы министрлігі жүйесінде жұмыс жасады.
2019 жылдан бастап мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жүйесінде қызмет жасайды.
2019 - 2022 жылдары аралығында ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Түркістан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
Бұған дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Абай облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып жұмыс атқарды.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл» төсбелгісімен марапатталған.



