
Құрманов Серетқан Әлпешұлы
Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
1961 жылы 25 сәуірде Катонқарағай ауданы Чер новая ауылдында дүниеге келген. 1978 жылы Чер новая ауылындағы орта мектепті бітірді. 1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарих, қоғамтану және мемлекеттік құқық негіздері мамандығы бойынша бітірді.
Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолын Чернова совхозында тас қалаушы болып бастады. Чернова совхозында техника қауіпсіздігі бойынша инженер қызметін атқарды. 2010-2011 жылдар аралығында Қайыңды негізгі орта мектебінде тарих пәні мұғалімі болды. 2014 жылғы қаңтар айынан 2016 жылғы мамыр айы аралығында Аққайнар ауылдық округі әкімінің аппаратында жетекші маман қызметін атқарды. 2016 жылғы мамыр 2017 жылғы тамыз айлары аралығында Аққайнар ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман қызметін атқарды.
Катонқарағай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 11 тамыздағы шешімімен Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды. Катонқарағай аудан әкімінің 2017 жылғы 07 қарашадағы өкімімен Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.


