
Кабенова Әлия Қайдарқызы
Басқарма басшының орынбасары
Өмірбаян
Кабенова Әлия Қайдарқызы 27 сәуір 1976 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Әжібай ауылында дүниеге келді. 1993-1997 жылдары Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтында "АӨК кәсіпорындарының экономист-менеджері" мамандығы бойынша білім алған; 2008-2010 жылдары Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде "Құрылыс" мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолы:
2005 – 2008 жж. - Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментінің жол шаруашылығы бөлімінің бас маманы, Орал қ.;
2008 – 2014 жж. - Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдарын салу, жөндеу және қайта жаңғырту бөлімінің бас маманы, Орал қ.;
2014 – 2022 жж. – Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдарын салу және, жөндеу және қайта жаңғырту бөлімінің басшысы, Орал қ.;
2022 – 01.09.2024 жж. - Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, Орал қ.,
«Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысы орынбасарының лауазымдық нұсқаулығы
- Жалпы ережелер
- Осы лауазымдық нұсқаулық «Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысы орынбасарының бағыныстылығын, міндеттерін, құқығын, жауапкершілігін анықтау үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес әзірленді.
- «Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары (бұдан әрі – Басшы орынбасары) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары), «Қазақстан - 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағдары» стратегиясын, Қазақстан Республикасының осы санаттағы мемлекеттік лауазымды тиісті мамандандыруға қатысты саладағы қарым-қатынастарды реттейтін басқа да заңнамалары мен нормативтік актілерін және осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
- Басшы орынбасарыБатыс Қазақстан облысы құрылыс басқарма басшысының бұйрығымен, қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
- Басшы орынбасары Басқарма басшысына бағынады және бұйрықтар, жұмыс өкімдерін алады.
- Басшы орынбасарының қарамағында Басқарманың бөлім басшылары, бас мамандар және және техникалық қызметкерлері бар және олар басшы орныбасарына бағынады.
- Басшы орынбасары уақытша болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңманаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
- Басшы орынбасарының құқықтары
- Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады.
- Өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына жеткізген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге де қорғалуға.
- Еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажеттi еңбек жағдайларына;
- Әлеуметтік және құқықтық қорғалуға.
- Өзінің лауазымдық өкiлеттiктерi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етеді.
- Лауазымдық өкілеттіктерін атқару үшiн ұйымдарға белгiленген тәртiппен баруға.
- Басшыдан мемлекеттiк қызметшi атқарып отырған мемлекеттік лауазымға сәйкес мiндеттерді және лауазымдық өкiлеттiктер көлемiн дәл айқындап беруді талап етуге.
- Жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен қарым-қатынас жасалуына;
- Өзi атқаратын мемлекеттік лауазымға, жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбекақы төленуiне.
- Тиiстi бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражаты есебiнен даярлануға, қайта даярлануға және бiлiктiлiгiн арттыруға.
- Мемлекеттік орган оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға немесе тағылымдамадан өтуге жіберген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жұмыс орнының сақталуына.
- Өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктемелер беруге.
- Бiлiктiлiгi, құзыреттері, қабілетi, сiңiрген еңбегi және өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, мемлекеттік қызмет бабында ілгерілетілуге.
- Негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тергеп-тексеруді талап етуге.
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін оның жауаптылығын қарау жағдайларын қоспағанда, мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша шығарылуға.
- Зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға.
- Лауазымдық өкілеттіктерін атқару үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен алуға.
- Облыста құрылыс, сәулет және қала құрылысы саясатын жүргізуге ықпал ететін басқа да жағдайлар және қаржы-несие, инвестициялық, салық саясаты саласында жүргізілетін мәселелер бойынша шешімдерді әзірлеуге қатысады.
- Ұйымдастыру-бақылау жұмыстары және іс жүргізу бөлімінің, құқықтық жұмыстар және келісім-шарт құжаттамалары бөлімінің, бухгалтерлікесеп және қаржы бөлімінің, сәулет және қала құрылысы бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады.
- Жетекшілік ететін бөлім басшылары мен мамандарының міндеттері мен өкілеттерін белгілейді.
- Нормативтік-құқықтық актілер мен бағдарламалар жобаларын және өзге де Басқарма құзіретіне кіретін құжаттардың орындаулы барысын қадағалайды.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында және «Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде қарастырылған өзге де құқықтар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Басшы орынбасарының міндеттері
- Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтайды.
- Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдайды.
- Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен құрылыс бағдарламалары, нысаналы трансферттер мен несиелер бойынша мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарына түзетулер мен өзгерістер енгізуге бағытталған іс -шаралардын әзірлеуін және іске асыруды бақылау (төменгі бюджет бөлімдерінен (аудандар мен қалалардың) және Басқарманың бөлімдерінен деректері жинақтау) .
- Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен құрылыс бағдарламасы бойынша бөлінген бюджеттік қаражатты, мақсатты трансферттер мен несиелерді уақтылы және тиімді игеруді бақылау.
- Мемлекеттік бюджет және басқа да қаржыландыру көздері есебінен объектілер мен құрылыстарды жобалауға, реконструкциялауға және салуға конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру және өткізу
- Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарының қадағалуын бақылау.
- Құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жобалау-сметалық құжаттамаларды жасақтау, авторлық және техникалық қадағалау бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшарттарды уақытылы жасасу бойынша бақылауды қамтамасыз етеді.
- Басқарма бойынша тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемелекеттік сатып алудың жоспарын уақытылы жасақтау бойынша бақылауды қамтамасыз етеді.
- Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру жоспарын құруға, тұрғын үй құрылысы жобаларына, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға облыстық бюджетті қалыптастыруды бақылау.
- Басқарманың келісімшарттық және еңбек тәртібін нығайту бойынша шараларды дайындап, іске асыру бойынша бақылауды қамтамасыз етеді.
- Басқарма бойынша штаттық, қаржылық және кассалық тәртібінің қатаң сақталуы бойынша бақылауды қамтамасыз етеді.
- Басқарма қызметінде пайда болатын құқықтық жұмыстар бойынша қорытындылар дайындауға және кінәрат-қуыным жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу бойынша бақылауды қамтамасыз етеді.
- Электронды құжат айналымы бойынша жұмысты ұйымдастыру бойынша бақылауды қамтамасыз етеді.
- Бухгалтерлік есепті жүргізудің рационалды жүйесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша бақылауды қамтамасыз етеді.
- Басқармада ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бақылауды қамтамасыз етеді.
- Сәулет және қала құрылысына қатысты регламеттерді уақытылы дайындау бойынша бақылауды қамтамасыз етеді.
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы қаралуына жауапты.
- Лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға.
- Еңбек тәртiпті сақтайды.
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi сақтайды.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқы стандарттарын сақтайды.
- Басқарма басшысының бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқауларын олардың лауазымдық өкілеттіктері шегiнде шығарылған болса, оларды орындайды.
- Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн заңмен белгiленген уақыт iшiнде сақтауға, ол жөнiнде қолхат береді.
- Лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпейді.
- Мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi қызметтiк мақсаттарда ғана пайдаланады.
- Өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы Басқарма басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізеді.
- Лауазымдық міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыруға.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында және «Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
- Басшы орынбасарының жауапкершілігі
Басшы орынбасары мыналар үшін дербес жауап береді:
1) қойылған міндеттер мен өзіне жүктелген өкілеттіктерді орындау және ұйымдастыру;
2) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп кодексі нормаларын сақтау;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді сақтау;
4) уақтылы, сапалы және тиісті дәрежеде орындамағаны және/немесе әртүрлі заңды жауаптылық тудыратындай бұзушылық жасау.

