
Жұмағалиев Парасат Бауыржанұлы
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
Парасат Бауыржанұлы Жұмағалиев 1991 жылы 10 тамызда Атырау облысы Индер ауылында дүниеге келген.
2010 жылы «құрылыс» мамандығы бойынша Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін тәмәмдаған.
Еңбек жолы:
2010 – 2011 жж. - "Орал Проект Сервис" ЖШС техник-жобалаушысы, Орал қ.;
2011 – 2012 жж. - "Водаканал Строй Сервис" ЖШС учаскелік шебері, Орал қ.;
2012 – 2014 жж. – "Строительная компания "Уральскстрой-Монтаж" ЖШС учаске бастығы, Орал қ.;
2014 – 2015 жж. - "Альтаир" ЖШС құрылыс шебері, Орал қ.;
2016 – 2017 жж. - Атырау облысы Құрылыс басқармасының құрылыс бөлімінің бас маманы, Атырау қ.;
2017 – 2018 жж. - Атырау облысы Құрылыс басқармасының жобалау-сметалық құжаттама бөлімінің бас маманы, Атырау қ.;
2018 – 2020 жж. - Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Атырау қ.;
2020 – 2021 жж. - "TSG - Сonstruction" ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы, Ақтөбе қ.;
2022 – 2024 жж. - Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы құрылыс және инфрақұрылымдық даму бөлімінің бас маманы, Орал қ.
Тағайындауға дейін Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы құрылыс және инфрақұрылымдық даму бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.
«Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы»
мемлекеттік мекемесі басшысы орынбасарының
лауазымдық нұсқаулығы
- Жалпы ережелер
- Осы лауазымдық нұсқаулық «Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) басшысы орынбасарының бағыныстылығын, міндеттерін, құқығын, жауапкершілігін анықтау үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес әзірленді.
- «Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары (бұдан әрі – Басшы орынбасары) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасының осы санаттағы мемлекеттік лауазымды тиісті мамандандыруға қатысты саладағы қарым-қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін және осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
- Басшы орынбасары қолданыстағы заңнамаға сәйкес Батыс Қазақстан облысмының құрылыс басқармасы басшысының (бұдан әрі – Басқарма басшысы) бұйрығымен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
- Басшы орынбасары Басқарма басшысына бағынады және бұйрықтар, жұмыс өкімдерін алады.
- Басшы орынбасарының қарамағында Басқарманың бөлім басшылары, бас мамандар және және техникалық қызметкерлері бар және олар басшы орныбасарына бағынады.
- Басшы орынбасары уақытша болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңманаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
- Басшы орынбасарының құқықтары
- Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады.
- Өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына жеткізген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге де қорғалуға;
- Еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажеттi еңбек жағдайларын талап етуге;
- Әлеуметтік және құқықтық қорғалуға;
- Өзінің лауазымдық өкiлеттiктерi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
- Лауазымдық өкілеттіктерін атқару үшiн ұйымдарға белгiленген тәртiппен баруға;
- Басшыдан мемлекеттiк қызметшi атқарып отырған мемлекеттік лауазымға сәйкес мiндеттерді және лауазымдық өкiлеттiктер көлемiн дәл айқындап беруді талап етуге;
- Жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен қарым-қатынас жасалуына;
- Өзi атқаратын мемлекеттік лауазымға, жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбекақы төленуiне;
10.Тиiстi бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражаты есебiнен даярлануға, қайта даярлануға және бiлiктiлiгiн арттыруға;
- Мемлекеттік орган оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға немесе тағылымдамадан өтуге жіберген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жұмыс орнының сақталуына;
- Өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктемелер беруге;
13.Бiлiктiлiгi, құзыреттері, қабілетi, сiңiрген еңбегi және өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, мемлекеттік қызмет бабында ілгерілетілуге;
- Негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тергеп-тексеруді талап етуге;
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін оның жауаптылығын қарау жағдайларын қоспағанда, мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша шығарылуға;
- Зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;
- Лауазымдық өкілеттіктерін атқару үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен алуға құқылы.
- Облыста құрылыс, сәулет және қала құрылысы саясатын жүргізуге ықпал ететін басқа да жағдайлар және қаржы-несие, инвестициялық, салық саясаты саласында жүргізілетін мәселелер бойынша шешімдерді әзірлеуге қатысады.
- Мердігерлердің қол қойылған келісімшарт талаптарын тиісті деңгейде орындауларын қадағалайды.
- Өндірістік-техникалық бөлімінің, жобалау-сметалық құжаттамар бөлімінің, тұрғын үй құрылысы монитрингі бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады.
- Жетекшілік ететін бөлім басшылары мен мамандарының міндеттері мен өкілеттерін белгілейді.
- Нормативтік-құқықтық актілер мен бағдарламалар жобаларын және өзге де Басқарма құзіретіне кіретін құжаттардың орындаулы барысын қадағалайды.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында және «Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде қарастырылған өзге де құқықтар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Басшы орынбасарының міндеттері
- Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтайды.
- Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдайды.
- Аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарынан жерге сәйкесінше құқық беретін шешімдердің алынуын қадағалау.
- Мемлекеттік инвестициялар есебінен немесе олардың қатысуымен салынатын (салынған) барлық объектілердің қабылдау комиссиямен қолданысқа берілулерін қадағалайды.
- Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі аясандағы мемлекетті, қоғамдық және жеке пікірлердің қорғалуы мәселелері бойынша республикалық және жергілікті атқарушы органдарымен ықпалдаса отырып жалпы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүргізеді.
- Техникалық қадағалауды ұйымдастыру арқылы мердігер ұйымдарымен құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау барысындағы құрылыс талаптары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
- Қолданысқа тапсырылған объектілердің коммуналдық меншікке уақытылы тапсырылуын қадағалайды.
- Инженерлік қызмет аясында азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайларды алдын алу бойынша шараларды жасақтау және жүзеге асырылуын ұйымдастырады.
- Жетекшілік ететін бөлімдер бойынша құрылысы аяқталған объектілердің орындалған акттерге қол қояды.
- Жобалау-сметалық құжаттамаларының уақытылы жасақталуын қадағалайды.
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы қаралуына жауапты.
- Лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға.
- Еңбек тәртiбін сақтайды.
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi сақтайды.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқы стандарттарын сақтайды.
- Басқарма басшысының бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегiнде шығарылған болса, оларды орындайды.
- Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн заңмен белгiленген уақыт iшiнде сақтауға, ол жөнiнде қолхат береді.
- Лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге.
- Мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етеді, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi қызметтiк мақсаттарда ғана пайдаланады.
- Өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы Басқарма басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізеді.
- Лауазымдық міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттырады.
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында және «Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
- Басшы орынбасарының жауапкершілігі
Басшы орынбасары мыналар үшін дербес жауап береді:
1) қойылған міндеттер мен өзіне жүктелген өкілеттіктерді орындау және ұйымдастыру;
2) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп кодексі нормаларын сақтау;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді сақтау;
4) уақтылы, сапалы және тиісті дәрежеде орындамағаны және/немесе әртүрлі заңды жауаптылық тудыратындай бұзушылық жасау.

