Молдашев Нұркен Еділұлы

    БҚО құрылыс басқармасының басшысы

    Молдашев Нұркен Еділұлы
    Руководитель управления

    Молдашев Нұркен Еділұлы

    БҚО құрылыс басқармасының басшысы

    Өмірбаян

    Нұркен Еділұлы Молдашев 1990 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Қособа ауылында дүниеге келген.

    Білімі жоғары. Жаңгір Хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетін «машинажасау» және «құрылыс» мамандықтары бойынша тәмәмдаған.

    Әр жылдары: - Орал қаласындағы “БатысКонстракшн” ЖШС, “ККБ” ЖШС, “Алим” СК ЖШС, СК “Уральскстроймонтаж” ЖШС құрылыс компанияларында,

    - Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының өндірістік-техникалық бөлімнің бас маманы,

    - Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының өндірістік-техникалық бөлімнің басшысы,

    Тағайындауға дейін Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы басшының орынбасары лауазымын атқарған.

    «Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының лауазымдық нұсқаулығы

    1. Жалпы ережелер
    1. Осы лауазымдық нұсқаулық «Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) басшысының бағыныстылығын, міндеттерін, құқығын, жауапкершілігін анықтау үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес әзірленді.
    2. Басқарма басшысы (бұдан әрі - Басшы) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасының осы санаттағы мемлекеттік лауазымды тиісті мамандандыруға қатысты саладағы қарым-қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін және осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
    3. Басшы Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
    4. Басшы облыс әкіміне, облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына, облыс әкімінің қызметтің бағыттары бойынша жетекшілік ететін орынбасарларына бағынады және бұйрықтар, жұмыс өкімдерін алады.
    5. Басшыға Басқарманың барлық мемлекеттік қызметшілері және техникалық қызметкерлері бағынады.
    6. Негізгі қызметкер уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар) осы лауазымды атқарушының лауазымдық міндеттерін атқару жөніндегі мәселелер Басқарма Басшысының анықтауы бойынша басқарма штатында болған жағдайда басқарма басшысының орынбасарына немесе басқарманың бөлім басшысына жүктеледі.
    1. Басшының құқықтары
    1. Өзіне жүктелген міндеттер мен функциялар шегінде шешімдер қабылдайды.
    2. Заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және жеке және заңды тұлғалардан өз функцияларын орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратады және алады, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарға ақпарат береді.
    3. Өз құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардан келіп түсетін мәселелерді қарайды.
    4. Заңнамада және басқа да нормативтік актілерде белгіленген тәртіппен мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардан оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, материалдарды сұратады және алады.
    5. Облыста жүргізілетін қаржы-кредит, инвестициялық, салық саясаты мәселелері бойынша және облыста құрылыс саясатын жүргізуге әсер ететін басқа да жағдайларда шешімдерді әзірлеуге қатысады.
    6. Жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік құрылыс саясатына сәйкес елді мекен аумағы шегінде мекендеу мен тіршілік етудің қолайлы ортасына азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған ұсыныстар енгізеді.
    7. Мердігер (бас мердігер) орындайтын жұмыстардың барысы мен сапасына және олардың орындалу мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады.
    8. Мердігерден талаптарды бұза отырып орындалған жұмыстарды қабылдамайды.
    9. Техникалық қадағалау қызметін бақылайды.
    10. Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда техникалық және авторлық қадағалаулардың қорытындыларын алудан бас тартады.
    11. Техникалық күрделі объектілерді, оның ішінде бірегей құрылыс объектілерін және ірі инвестициялық жобаларды салу үшін, жобаның (бағдарламаның) тапсырыс берушісімен (инвестормен) жобаны басқару бойынша инжинирингтік ұйымдарды тартады.
    12. Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
    13. Өз орынбасарларының, бөлім басшылары мен басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.
    14. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады.
    15. Заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді.
    16. Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді.
    17. Өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды, қызметтік құжаттамаларға қол қояды.
    18. Басқарманы мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мүдделерін білдіреді.
    19. Белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджет қаражатының ұтымды және нысаналы орындалуын бақылайды.
    20. Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар жобаларының және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды.
    21. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша.
    22. Қазақстан Республикасының заңнамасында және Басқарма туралы ережеде қарастырылған өзге де құқықтар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.
    1. Басшының міндеттері
    1. Басқарманың алдына қойылған міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша Басқарма жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және басшылық жасау.
    2. Басқарманың төмендегідей функцияларды орындау бойынша кешенді жұмыстарын ұйымдастыру және басшылық жасау:

    1) Батыс Қазақстан облысының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

    2) Батыс Қазақстан облысының тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру;

    3) құрылыс өнімдерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, құрылыс және объектілерді пайдалану сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу;

    4) өз құзыреті шегінде құрылыс саласындағы инвестициялық бағдарламаларды орындау бойынша басқа мемлекеттік органдар мен құрылыс ұйымдарының қызметін үйлестіру;

    5) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін мердігерге (бас мердігерге) бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беру;

    6) объектіні Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қажетті рұқсат беру құжаттарымен қамтамасыз ету;

    7) техникалық және авторлық қадағалауларды сүйемелдеумен объектінің құрылысын қамтамасыз ету;

    8) мердігерге (бас мердігерге) техникалық және авторлық қадағалаулардың нұсқауларын орындамағаны не уақтылы орындамағаны және сапасыз орындағаны үшін шаралар қабылдау;

    9) техникалық және авторлық қадағалау үшін жұмыс жағдайын қамтамасыз ету;

    10) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалау органдары нұсқамаларының орындалуын қамтамасыз ету;

    11) техникалық қадағалау қызметін бақылау жөніндегі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалау органдарының лауазымды адамдарын объектіге жіберуді қамтамасыз ету;

    12) объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде объект орналасқан жердегі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалау органдарына объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін, сәйкестік туралы декларацияны және орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және олардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындыны жіберу;

    13) аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бір бөлігін аудандық жоспарлау жобасының) кешенді схемасын, облыс аумағындағы елді мекендердің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

    14) халықтың есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың Бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына бекітуге енгізу;

    15) облыстық мәслихат мақұлдаған,халықтың есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;

    16) ведомстволық бағыныстағы әкімшілік-аумақтық бірліктер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын (аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ қалалық мәслихаттар мақұлдаған халықтың есептік саны жүз мың тұрғынға дейін облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларының жобаларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

    17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық мәслихатқа қарамағындағы әкімшілік-аумақтық бөліністердің шекараларын белгілеу немесе өзгерту жөнінде қала құрылысынан туындайтын факторларға байланысты ұсыныстар енгізу;

    18) облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларын келісу;

    19) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу немесе өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халықты хабардар ету;

    20) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) әзірлеуді, бекітуді және іске асыруды ұйымдастыру;

    21) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына көмек көрсету;

    22) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

    23) халықтың есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;

    24) аумақтарда құрылыс салу, құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), қалпына келтіру және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;

    25) мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша олармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

    26) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

    27) құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мәселелері бойынша жобаларды мемлекеттік сараптаудың республикалық аумақтық бөлімшелерімен, сәулет-құрылыс бақылауының мемлекеттік органымен өзара іс-қимыл жасау;

    28) аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарында жер заңнамасына сәйкес объектілер салуға жер учаскесін беру туралы шешімдер алу;

    29) құрылыс жобасын әзірлеу алдындағы және бағдарламаларды, есептерді, құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемелерін, техникалық-экономикалық есептерді, ғылыми зерттеулер мен инженерлік ізденістердің нәтижелерін, технологиялық және конструкциялық есептерді, эскиздерді, макеттерді, өлшеулерді және объектілерді зерттеу нәтижелерін, сондай-ақ шешімдерді қабылдау үшін қажетті өзге де бастапқы деректер мен материалдарды қамтитын жобалау алдындағы құжаттаманы жинау, жобалау құжаттамасын әзірлеу және жобаларды кейіннен іске асыру;

    30) мемлекеттік бюджет және басқа да қаржыландыру көздері есебінен объектілер мен құрылыстарды жобалауға, реконструкциялауға және салуға конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру және өткізу;

    31) Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік актілеріне сәйкес конкурс негізінде өнім берушіні тарту арқылы (құрылыстың мердігерлік тәсілі кезінде) орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы мен сапасын техникалық қадағалауды қамтамасыз ету;

    32) жалпы салалық және табиғат қорғау мақсатындағы объектілерді жобалау, қаржыландыру және салу кезінде тиімді инвестициялық саясат жүргізу;

    33) отандық жобалау және құрылыс өнімдерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыратын, жаңа құрылыста инвестицияларды пайдалану тиімділік жағдайларды қалыптастыру;

    34) мемлекеттік бюджет және басқа да қаржыландыру көздері есебінен объектілерді салу, реконструкциялау және реставрациялау кезінде тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;

    35) объектілер мен олардың кешендерін салуға (реконструкциялау, реставрациялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту) жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ коммуникациялар тарту, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру;

    36) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін мемлекеттік нормативтерде көзделген әзірленген жобалау-сметалық құжаттама құжаттарының толық пакетін ұсыну;

    37) салынған объект бекітілген жобаға сәйкес ол толық дайын болған және сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар болған кезде оны пайдалануға қабылдау және беру;

    38) бүлінген құрылыстарды қалпына келтіру немесе бұзу жөнінде қабылданған шешімдер бөлігінде төтенше жағдайлардың салдарларын жою жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеуге қатысу;

    39) белгіленген құзыреті шегінде аудандық және қалалық құрылыс органдарының қызметін үйлестіру;

    40) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де функциялар.

    1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызмет саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар береді.
    2. Нормативтік базаны жетілдіруге, заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілерді әзірлеуге қатысады.
    3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді.
    4. Гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді.
    5. Құпия құжаттармен жұмыстану.
    6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқы стандарттарын сақтау.
    7. ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтау.
    8. Еңбек тәртібін сақтау.
    9. Әкімшілік рәсімдерді сақтау.
    10. Қазақстан Республикасының заңнамасында және Басқарма туралы ережеде қарастырылған өзге де міндеттер мен талаптарды жүзеге асырады.
    1. Басшының жауапкершілігі

    Басқарма басшысы мыналар үшін дербес жауап береді:

    1) қойылған міндеттер мен өзіне жүктелген өкілеттіктерді орындау және ұйымдастыру;

    2) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп кодексі нормаларын сақтау;

    3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді сақтау;

    4) уақтылы, сапалы және тиісті дәрежеде орындамағаны және/немесе әртүрлі заңдық жауапкершілікке әкеліп соғатын бұзушылықтар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері