
Таңжарықов Берік Қуанышұлы
Қостанай облысы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Берік Қуанышұлы Таңжарықов 1990 жылы 28 желтоқсанда Қостанай облысы Меңдіқара ауданында дүниеге келген, жоғары білімі бар.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «құрылыс» мамандығы бойынша бітірген, техника ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын 2011 жылдың сәуірінен бастап «Fire Safeti Engineering» ЖШС учаскесінің шебері болып бастаған. 2015 жылдың шілдесіне дейін құрылыс учаскесінің шебері, инженер, директордың орынбасары, Астана қаласының жеке меншік құрылыс компанияларында, оның ішінде BI Group холдингінде прораб болып жұмыс істеді.
2015 жылғы шілдеден 2019 жылғы қазанға дейін Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының орынбасары, одан кейін басшысы қызметін атқарды.
2019 жылғы қазаннан 2023 жылғы қыркүйекке дейін - Қостанай облысы әкімдігі құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.
2023 жылғы қыркүйектен 2024 жылғы қазанға дейін - Қостанай облысы Қостанай ауданының әкімі.
2024 жылғы қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қостанай облысы әкімінің орынбасары.
- Қамтамасыз етеді:
- Қостанай облысының аумағында құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, энергетика, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, абаттандыру және көгалдандыру, өнеркәсіп, көлік, автомобиль жолдары, телекоммуникация, қала құрылысы, сәулет, сәулет-құрылыс бақылау салалары бойынша мемлекеттік саясатты және өңірлік бағдарламалардың уақтылы, сапалы және толық орындалуын, балық шаруашылығы, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалану, су қорын пайдалану және қорғау;
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының актілері мен тапсырмаларын, Қостанай облысы әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын уақтылы, сапалы және толық орындалуын;
- Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратымен, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарымен және олардың аумақтық бөлімшелерімен, өзге де мемлекеттік органдармен және мекемелермен өзара іс-қимыл жасауды;
- жетекшілік ететін бағыттар бойынша заңдардың, Үкімет қаулыларының, Премьер-Министр өкімдерінің, Президент актілерінің, апелляциялық, кассациялық, жеке шағымдардың жобаларын келісуді.
- Ұйымдастырады:
- құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, елді мекендер, өнеркәсіптік объектілері, телекоммуникация желілері, абаттандыру, көгалдандыру, қалдықтарды басқару салаларында инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жұмыстарды;
- энергиямен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау жөніндегі жұмыстарды;
- жолаушылар көлігі саласында бірыңғай саясат жүргізуде және автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуде реттеу, үйлестіру және бақылау жөніндегі жұмыстарды;
- тұрғын үй қорын басқару саласында объектілер құрылысының сапасын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды;
- флора мен фауна түрлерінің биологиялық әртүрлілігін сақтау, ормандарды қорғауды қамтамасыз ету, қоршаған ортаның сапасын жақсарту, су объектілерін тиімді пайдалану және қорғау, мелиорация және суару жөніндегі жұмыстарды;
- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою мәселелері бойынша жұмысты.
- Үйлестіреді:
- құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, энергетика, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, абаттандыру және көгалдандыру, өнеркәсіп, көлік, автомобиль жолдары, телекоммуникация, қала құрылысы, сәулет, сәулет-құрылыс бақылау салалары, балық шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалану, су қорын пайдалану және қорғау бойынша бағдарламалар мен кешенді іс-шараларды жүзеге асыру бойынша аумақтық органдардың өзара іс-қимылын;
- жүктелген өкілеттіктер шеңберінде квазимемлекеттік сектор ұйымдарымен, кәсіпкерлік субъектілерімен, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен, қорлармен, сондай-ақ басқа да кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасауды;
- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою мәселелеріндегі ведомствоаралық өзара іс-қимылды.
- Басшылықты жүзеге асырады:
- құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, энергетика, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, абаттандыру және көгалдандыру, өнеркәсіп, көлік, автомобиль жолдары, телекоммуникация, қала құрылысы, сәулет, сәулет-құрылыс бақылау бағыттары бойынша, балық шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалану, су қорын пайдалану және қорғау жұмысты жүзеге асыратын әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне.
5. Аумақтық консультативтік және үйлестіру кеңестерін, комиссияларды (жүктелген өкілеттіктер шеңберінде) басқарады.




