Сандыбаев Мұрат Міртайұлы

    Аппарат басшысы

    Сандыбаев Мұрат Міртайұлы
    Руководитель аппарата

    Сандыбаев Мұрат Міртайұлы

    Аппарат басшысы

    Өмірбаян

    Мұрат Сандыбаев 1988 жылы 15 желтоқсанда Қостанай облысы Ұзынкөл ауданында дүниеге келген.
    Екі жоғары білімі бар.

    04.08.2010

    31.12.2012

    Қостанай облысы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің компьютерлік қамтамасыз ету маманы

    03.01.2013

    28.01.2013

    Қостанай облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы

    29.01.2013

    10.03.2015

    Қостанай облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы

    11.03.2015

    28.06.2015

    Қостанай облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас инспекторы

    29.06.2015

    04.11.2015

    Қостанай облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің меңгерушісі

    05.11.2015

    25.10.2016

    Қостанай облысы әкімінің көмекшісі

    26.10.2016

    09.04.2018

    Қостанай облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің меңгерушісі

    10.04.2018

    17.11.2020

    Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары

    18.11.2020

    27.02.2022

    Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының әкімі

    28.07.2022

    қ.у.

    Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы

    1. Қамтамасыз етеді:

    - Қостанай облысының аумағында цифрландыру, ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздік, мұрағат ісі, жергілікті атқарушы органдардың және «электрондық үкіметтің» мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясат пен өңірлік бағдарламаларды уақтылы, сапалы және толық орындалуын, Қостанай облысы әкімі аппаратының жұмысын;

    - Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының актілері мен тапсырмаларын, Қостанай облысы әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын уақтылы, сапалы және толық орындалуын;

    - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратымен, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарымен және олардың аумақтық бөлімшелерімен, өзге де мемлекеттік органдармен және мекемелермен өзара іс-қимыл жасауды;

    - жетекшілік ететін бағыттар бойынша заңдардың, Үкімет қаулыларының, Премьер-Министр өкімдерінің, Президент актілерінің, апелляциялық, кассациялық, жеке шағымдардың жобаларын келісуді.

    1. Ұйымдастырады:

    - экономиканың негізгі салаларына заманауи ақпараттық-коммуникациялық ларды дамыту және енгізу үшін жағдайларды қамтамасыз ету, сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету, жобалық басқаруды дамыту мәселелері бойынша жұмыстарды;

    - Қостанай облысы әкімі аппаратының тұрақты жұмыс істеуін жүзеге асыратын әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің жұмыстарын.

    1. Үйлестіреді:

    - цифрландыру, ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздік, мұрағат ісі, мемлекеттік қызметтер көрсету салаларында бағдарламалар мен кешенді іс-шараларды жүзеге асыру бойынша аумақтық органдардың өзара іс-қимылды;

    - жүктелген өкілеттіктер шеңберінде квазимемлекеттік сектор ұйымдарымен, кәсіпкерлік субъектілерімен, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен, қорлармен, сондай-ақ басқа да кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасауды.

    1. Басшылықты жүзеге асырады:

    - әкім аппаратының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, сондай-ақ цифрландыру, ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздік, мұрағат ісі, мемлекеттік қызметтер көрсету бағыттары бойынша жұмысты жүзеге асыратын әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне.

    5. Аумақтық консультативтік және үйлестіру кеңестерін, комиссияларды (жүктелген өкілеттіктер шеңберінде) басқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері