
Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы
Қостанай облысы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы, 1986 жылы 4 тамызда Орал қаласы дүниеге келген, жоғары білімі бар.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «саясаттану» мамандығы бойынша бітірген, әлеуметтік ғалымдар магистрі.
02.04.2007 |
10.10.2007 |
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы» жекеменшік мекемесі Алматы қалалық бөлімшесінің менеджері, Алматы қаласы |
10.10.2007 |
29.01.2009 |
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы» жекеменшік мекемесі Алматы қалалық бөлімшесінің басшысы, Алматы қаласы |
02.02.2009 |
28.01.2010 |
«Нұр Отан» халық демократиялық партиясының жанындағы «Жас Отан» ҚБ ЖҚ Алматы қалалық бөлімшесінің атқарушы хатшысы, Алматы қаласы |
01.02.2010 |
01.04.2013 |
Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ҚБ ЖҚ атқарушы секретариатының ұйымдастырушылық жұмыстары бөлімінің сарапшысы, Астана қаласы |
01.04.2013 |
01.07.2013 |
«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ҚБ ЖҚ атқарушы секретариатының ақпарат және коммуникациялық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі, Астана қаласы |
29.07.2013 |
10.11.2013 |
Орал қаласы әкімі аппаратының ақпараттық-талдау жұмыстары және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас инспекторы, Орал қаласы |
11.11.2013 |
19.11.2014 |
Орал қаласы әкімі аппаратының ақпараттық-талдау жұмыстары және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы, Орал қаласы |
20.11.2014 |
21.04.2016 |
Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы, Орал қаласы |
22.04.2016 |
16.10.2016 |
Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстары бөлімінің бас инспекторы, Орал қаласы |
17.10.2016 |
13.01.2017 |
Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты стратегиялық даму бөлімінің басшысы, Орал қаласы |
16.01.2017 |
28.03.2018 |
Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы, Орал қаласы |
29.03.2018 |
09.08.2018 |
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары, Астана қаласы |
10.08.2018 |
18.01.2019 |
ҚР Қоғамдық даму министрлігі азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары, Астана қаласы |
21.01.2019 |
08.03.2021 |
Орал қаласы әкімінің орынбасары (негізгі қызметкердің ұзақ мерзімді оқу демалысы кезеңіне), Орал қаласы |
09.03.2021 |
28.04.2025 |
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Орал қаласы |
29.04.2025 |
қ/у |
Облыс әкімінің орынбасары, Қостанай қаласы |
1. Қамтамасыз етеді:
- Қостанай облысының аумағында ішкі саясат (қоғамдық даму), мәдениет, ақпарат, білім, ғылым, спорт, жастар саясаты, дін, тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік саясатты және өңірлік бағдарламалардың уақтылы, сапалы және толық орындалуын;
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының актілері мен тапсырмаларын, Қостанай облысы әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын уақтылы, сапалы және толық орындалуын;
- Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратымен, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарымен және олардың аумақтық бөлімшелерімен, өзге де мемлекеттік органдармен және мекемелермен өзара іс-қимыл жасауды;
- жетекшілік ететін бағыттар бойынша заңдардың, Үкімет қаулыларының, Премьер-Министр өкімдерінің, Президент актілерінің, апелляциялық, кассациялық, жеке шағымдардың жобаларын келісуді.
- Ұйымдастырады:
- қоғамдық-саяси тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, азаматтық қоғам институттарын, үкіметтік емес ұйымдарды қолдау және дамыту, ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды;
- мәдениет саласында сапалы қызмет көрсету бойынша жұмыс;
- ғылым, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, инклюзивті, қосымша білім беру салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмыстарды;
- дене шынықтыру мен спортты дамыту, халықты дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға тарту жөніндегі жұмыстарды;
- жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту, жастардың қазақстандық патриотизм сезімін тәрбиелеу жөніндегі жұмыстарды;
- азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын және діни бірлестіктердің, рухани білім беру ұйымдарының, миссионерлердің қызметін іске асыру саласында болып жатқан процестерді зерделеу жөніндегі жұмыстарды;
- мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту, толерантты тілдік орта құру, мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмыстарды.
- Үйлестіреді:
- ішкі саясат (қоғамдық даму), мәдениет, ақпарат, білім, ғылым, спорт, жастар саясаты, дін, тілдерді дамыту салаларында бағдарламалар мен кешенді іс-шараларды жүзеге асыру бойынша аумақтық органдардың өзара іс-қимылын;
- жүктелген өкілеттіктер шеңберінде квазимемлекеттік сектор ұйымдарымен, кәсіпкерлік субъектілерімен, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен, қорлармен, сондай-ақ басқа да кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасауды.
- Басшылықты жүзеге асырады:
- Қазақстан халқы Ассамблеясы Қостанай облысының хатшылығына;
- ішкі саясат (қоғамдық даму), мәдениет, ақпарат, білім, ғылым, спорт, жастар саясаты, дін, тілдерді дамыту бағыттары бойынша жұмысты жүзеге асыратын әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне;
- облыстық әскерге шақыру комиссиясының жұмысына жетекшілік етеді.
5. Аумақтық консультативтік және үйлестіру кеңестерін, комиссияларды (жүктелген өкілеттіктер шеңберінде) басқарады




