
Мухтаров Ерлан Ғабдықалықұлы
Орал қаласы прокурорының орынбасары
Өмірбаян
Мухтаров Ерлан Ғабдықалықұлы, 1986 жылғы, білімі - жоғары, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Әділет" жоғары заң мектебі
Еңбек жолын 2009 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы прокуратурасының тергеу, анықтау және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокурор көмекшісі болып бастаған.
2009 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бөлім прокуроры болып тағайындалды.
2010-2016 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы прокурорының көмекшісі, Орал қаласы прокурорының аға көмекшісі қызметтерін атқарған.
2016-2017 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және мемлекет мүддесін білдіру басқармасының прокуроры және аға прокуроры қызметтерін атқарған.
2017 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметі Ішкі істер органдары істері бойынша қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры болып тағайындалды.
2018-2024 жылдар аралығында Атырау облысы Жылыой ауданы прокурорының орынбасары, Атырау облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры, Атырау облысы прокурорының көмекшісі, Атырау облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған, .
2024 жылдың 10 маусымынан бастап Орал қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарады.
Үйленген, екі баласы бар.





