
Қонқабаев Назарбек Нағашбайұлы
Басқарма басшысы
Өмірбаян
Назарбек Нағашыбайұлы Қонқабаев 1986 жылы Қостанай облысы Таран ауданы Евгеньевка ауылында дүниеге келген.
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Қарағанды Қазтұтынуодағы экономикалық университетін, И.Л. Гончаров атындағы қазақ автомобиль-жол институтын аяқтаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Өңірлік жаңа технологиялар және білім беру орталығы» МКҚК бас маманы ретінде бастаған.
2011 жылы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы» КММ бас маманы болып жұмыс істеган.
2011 жылы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы» КММ директоры болып тағайындалған.
2013 жылы «Қазахмыс корпорациясы» ЖШС-де «Николаев байыту фабрикасын қайта құру» жобасының орындалуын бақылау бойынша инженер болып жұмыс істеді.
2014-2015 жылдары «Уста плюс» ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2015-2016 ж.ж. - Лисаков қаласы әкімінің орынбасары.
2016-2017 ж.ж. - Қостанай қаласы әкімінің кеңесшісі.
2017-2018 ж.ж. - Қостанай қаласы әкімінің орынбасары.
2019-2020 ж.ж. – «Қостанай Таңы» ЖШС ақпараттық-талдау орталығының басшысы.
2020-2022 ж.ж. - Қостанай ауданы әкімінің орынбасары.
2022 жылы – Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.
2022 жылғы 23 желтоқсанда Қостанай облысы әкімінің өкімімен Қостанай облысы
әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық – инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Үйленген. Екі баланы тәрбиелеп отыр.

